Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Уроки по обществознание "Қоғам түсінігі". (9 класс)

Уроки по обществознание "Қоғам түсінігі". (9 класс)

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:


9-сынып. Адам.Қоғам.Құқық

Сабақтың тақырыбы: §8. Қоғам түсінігі.

Сабақтың мақсаты:

  • Қоғам ұғымы, қоғамды құраушы бөліктер және қоғамдық қатынастардың мазмұны

жөнінде сипаттама беру.

  • Қоғамдағы адамдардың арақатынастары туралы түсініктерін дамыту;

  • Дара жаратылған адам ретінде өзін-өзі құрметтеу сезімін тәрбиелеу; өзге адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: әңгіме, пікіралмасу

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қарым-қатынас мәдениетін қалай түсінетіндерің туралы пікірлеріңді ортаға салыңдар.

  • Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама беріңдер.

  • Қарым-қатынастың формалары қандай?

  • Адамдар арасындағы қарым-қатынастарда біреудің екіншіге үстемдік жүргізуі құптарлық нәтижелерге жеткізетін кездер бола ма?

  • Қарым-қатынастағы демократиялықтың өндіріс үдерісіне игі ықпал етуін немен түсіндіруге болады?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қоғам ұғымы.

  2. Қоғамды құраушы бөліктер.

  3. Қоғамдағы адамдардың арақатынастары.

  4. Қоғамдық қатынастардың мазмұны.

Отбасы–адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен әрекет етуінің ең жиі кездесетін формасы.

Қоғам сөзі бұдан ауқымды және күрделі мағынада қолданылады. Мысалы, Қазақстан қоғамы дегенде біз өзіміз азаматы болып табылатын мемлекетті, оның халқын ойға аламыз.

Біздің планетаға қатысты алып қарағанда, бұл ұғымды адамзат қоғамы деп айтамыз. Қорыта келе, қоғам дегеніміз – материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып табылады.

Кез-келген адам- белгілі бір әлеуметтік топтың, таптың, ұлттың, діннің, нәсілдің өкілі, белгілі бір мемлекеттің азаматы, адамзат қоғамының мүшесі.

Қоғамдық қатынастар деп, әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастарды айтамыз.

Сабақты бекіту:

  • Қоғамды біртұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторларды деп ойлайсыңдар?

  • Қоғам және оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңді қысқаша тұжырымдаңдар.

  • Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындағы байланыстардың мәні неде?


Бағалау

Үйге тапсырма: §8.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров137
Номер материала ДВ-170455
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх