Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдардан кірпінің үлгісін жасау.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға туған жердің
табиғаты
туралы
түсінік беру, табиғаттан алынатын табиғи
материал
түрлерімен таныстыру. Табиғи
материалдардан
кірпінің денесін пішіндеуді уйрету.
2. Тәрбиелік: Еңбекке деген сүйіспеншілікке, туған жерге
деген патриоттық
сезімге тәрбиелеу. Қауіпсіздік
ережесі
мен гигиенаны сақтауға дағдыландыру.
3. Дамытушылық: іс-қимыл дағдыларын,
қиялдауды,
әдемілікті
сезінуді үйрету. Пәнге деген
қызығушылығын
арттыру.
4. Түзету: Кірпі пішінін ермексазбен илеу жұмысы
арқылы
оқушылардың саусақ қимылын дамыту.
Сабақтың типі: Практикалық сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ өткізу әдістері: а) түсіндіру, иллюстрациялық әңгімелеу, дидактикалық
материалмен жұмыс, көрме ұйымдастыру
(«Тоғай
келбеті»), көрнекілік табиғат көрінісі,
мультфильм
көрсету.
ә) Нұсқау картасы, плакат, сарамандық жұмыс,
өздігінен орындалатын жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет.
Қажетті құрал-жабдықтар:
ермексаз, күнбағыс дәндері,
қалақша, дастарқан, акация
дәндері, дәндерге арналған ыдыстар.
Көрнекі құралдар: проектор,
электрондық оқулық, слайдтар.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу;
ә) жұмыс формасын тексеру;
б) жұмыс орнын жабдықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ арқылы тексеру.
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру.
а) Кіріспе
ә) «Кірпі мен қыз» мультфильмін көрсету
б) Көрмемен жұмыс «Тоғай келбеті».
ІV. Сарамандық жұмыс:
а) Ермексазбен жұмыс жасағанда қауіпсіздік
ережесін
сақтауды түсіндіру.
ә) Гигиеналық ережелерді түсіндіру.
б) Жұмысты нұсқау картасы бойынша орындау.
в) Жеке жұмыс.
V. Сергіту сәті.
VI. Қорытынды бөлім.
а) Оқушылардың жұмыстарын тексеру
ә) Өз жұмыстарына баға
беруді үйрету
б) Үздік жұмыстарды марапаттау, үйге тапсырма
беру.
Жұмыс
орындарын жинастыру, қолдарын
сабындап
жуу.
VIІ. Бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма:
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Оқушылармен амандасу
ә) Жоқ оқушыларды белгілеу
б) Жұмыс формасын тексеру
в) Жұмыс орнын сабаққа даярлау, қажет
жабдықтарды тарату.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ беру арқылы)
- Кәдесый дегеніміз не?
- Кәдесыйдың қандай түрлері бар?
- Кәдесыйды не үшін сыйға тартады?
- Кәдесыйды қандай табиғи материалдардан жасауға болады?
- Жемістің дәндері табиғи материалдарға жатады ма?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Балалар, Отанымыз Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының жері
кең-байтақ. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған тоғай-орманы,
жасыл жайлаулары бар.
Сендер табиғат аясында демалып,
шынығасыңдар, денсаулықтарыңды нығайтасыңдар. Адам табиғатты тек пайдаланып
қана қоймай, оны сақтап, қорғай білу керек. Сендер әрқашан осы туған жердің
сұлулығын, байлығын қорғаңдар.
Табиғат қойнауы әр алуан табиғи материалдарға
өте бай. Егер құрғақ жапырақтан, бұтақтан, гүлдерден, ұлу қабыршығынан,
жаңғақ қауашағынан кәдесыйлар жасағың келсе, онда бай табиғат шеберханасы сендердің
қарсы алдарыңызда.
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың кейіпкері
кірпі. Кірпі табиғатта орман мен тоғайда тіршілік етеді. Оның үсті тікенді,
бауыры ақ, аяқтары қысқа болады. Бірақ өте тез жүгіреді. Ол жәндіктермен,
саңырауқұлақтармен, жеміс-жидектермен қоректенеді. Жыланды да ұстап жейді. Ол
ешкімге зияны жоқ жануар.
Енді сіздердің назарларыңызға «Кірпі мен қыз»
атты мультфильм ұсынамын. Кірпінің мінез-құлығын мультфильм арқылы көріп, тамашалайық.
IV. Сарамандық жұмыс:
Балалар, бүгінгі табиғи материалдан жасалатын
кейіпкердің қылығын мультфильмнен көрдіңіздер. Енді осы сүйкімді кірпінің
денесін табиғи материалдардан жасайсыңдар. Жұмысты бастамас бұрын ермексазбен
жұмыс істеудің ережесін сақтаңдар.
Олар:
а) Жұмыс материалын (ермексазды) лақтырмау;
ә) Материалды керекті мөлшерде ғана алу;
б) Қалақшаны немесе ермексазды ауызға салмау, арнаулы орнында
сақтау. Оқушы гигиенасын, жұмыс орнының тазалығы
және жұмыстан кейінгі тазалықты сақтау керек.
Кірпі денесін жасау реті:
(оқушыларға нұсқау картасы таратылады)
1. Алдымен ермексаз алақанға салынып, мыжып жұмсартылады.
2. Ермексаз көлемі жағынан жұмыртқа пішініне келтіріледі.
3. Кірпі денесі мүсінделеді, тұмсығы шошайып жасалады.
4. Күнбағыс дәндері кірпінің инесі есебінде қолданылады.
5. Дәндерді кірпі денесінің алдыңғы немесе артқы
жағынан бастап қадаймыз.
6. Кірпінің тұмсығын, көзін ағаш дәндерінен жабыстырамыз,
құлағын
жабайы жаңғақ (фисташка) қабығынан жасап, бекітеміз.
V. Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығулар жасату.
VI. Қорытынды бөлім:
а) Оқушылардың
сипатты кемшіліктері мен олардың
себептеріне талдау жасау.
ә) Өз жұмыстарына баға беруге үйрету.
VIІ. Бағалау.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау, үздік жұмыстарды марапаттау.
Жұмыс орындарын жинастыру, қолдарын
сабындап жуу.
VIІ. Үйге тапсырма:
«Кірпі мен қыз» мультфильмінің жалғасын ойша құрып келу.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.