Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Статьи / 3 уровневый курс статья
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

3 уровневый курс статья

библиотека
материалов

Инновациялық даму – заман талабы


«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді,         педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,- деп ұлы ұстаз, әдебиетті зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі кезде білім саласында болып жатқан өзгерістер әр педагогтың жаңашыл, жан-жақты ізденімпаз, түрлі идеяларға бай болуын қажет етеді. Білім саласындағы көптеген жаңалықтар мен өзгерістер мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені мұғалім біріншіден, жаңа-замануи технологияларды меңгеруі қажет, екіншіден,сол арқылы оқушының өз бетінше білім алып, қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Қазақстанда 2012-жылдан бері жаңа форматтағы педагог қызметкерлерді Кембридж бағдарламасы бойынша үшінші (негізгі) деңгейлі біліктілікті арттыру курстары жүргізіліп келеді. Соның негізінде 2013-жылдың 9 қыркүйегінен бастап

1-желтоқсанға дейін облыс орталығы Көкшетау қаласында орналасқан «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында бағдарламамен танысу арқылы өз тәжірибемізді жетілдіре қоймай, ондағы 7 модульдің қыр-сырын ашып, оны сабақтарда қалай қолдану керектігін оқып-үйрендік. Облыстың барлық аудандарынан келген әріптестерімізбен бірге алғашқы күннен-ақ бір тату отбасы, бір топ болып ұйымдаса алдық, өйткені алдымыздағы міндет – курстың беретін жаңалығын өн бойымыздан өткізіп, 3 ай бойы бір-бірімізбен тығыз жұмыс істеп, ойлармен бөлісіп, туындаған жаңа идеяларды ортаға салып, жекелеген стратегиялар мен тәсілдерді меңгеру еді. Осының бәрін бізге жеткізіп, түпкі мағынасын аша білген тәжірибелі тренеріміз Аембаева Аяжан Ешимбаевна болды. «Өрлеу» орталығының директоры Исимбаев Е.Т. әр топқа барып, өз тілегін айтып, сәттілік тілеп, бәрімізге үлкен сенімділік артты. Сондықтан да басталған істі аяғына дейін жеткізіп, өз атымызға, мектепке, облысқа кір келтірмей, тек қана жетістіктерімізбен көрінуге бел будық.

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы,сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған,сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Бағдарлама негізінде оқушыларды сындарлы оқыту деген түйін жатыр, яғни әрбір оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту арқылы алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген уақытта тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (Нұсқ.6-б)

Бұл курстың басқалардан өзгешелігі бар. Өйткені бұрын бір сарынды дәрістер жазу арқылы өтетін курстар болса, ал қазір көбіне тренингтер мен ойындар жүргізілу негізінде сабақты талқылап, әр адамның ой-пікірін тыңдап, талдаулар жасалады. Жұмыстар атқару барысында тобымызда көп сөйлемейтін салмақты, ұялшақ, момын әріптестерімнің үшінші айда белсене қатысып, алдыңғы қатарлы, үздіктердің бірі болғандығы таң қалдырды. Әрине, бұл осы еңбектің нәтижесі, жемісі. Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау, сондықтан
құзырлы мұғалім болу үшін оқушының жан-дүниесін білуіміз қажет.

Бағдарламаны оқи келе, біз «мұғалімнің үш көмекшісі» (бас, қол, жүрек) (Шульман) екенін білдік. Бағдарламаның негізгі модульдерін де меңгеруге тырыстық. Ол модульдер; 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог) 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. 4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Аталмыш модульдерді сабақтарымызда қалай және неліктен қолдану керектігін түсініп, оның оқушыларға берер мүмкіндігін қабылдай алдық. Сонымен қатар, дәстүрлі сабақ кезінде оқушылар парталас болып екі адамнан жұмыс істесе, қазір топтасып отырады да, топтасып жұмыс істейді. Бұрын қолданылмайтын ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру, жоғары сыныптарда сергіту сәттерін енгізу, оқушылар бір-бірін, өзін, тобын бағалау, рефлексия жүргізу арқылы сабақ туралы пікірлерін тыңдау, смайликтермен көңіл-күйлерін білу – осының бәрі біз үшін зор жаңалық болды.

Оқытудың жаңа әдістері деп алынғандығымен де, дәстүрлі сабақты әрбір мұғалім диалог арқылы жүргізіп отырды, бірақ бұрын тек қана мұғалім-оқушы арасындағы сөйлесу болса, қазір оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы-мұғалім арасындағы диалогқа көп назар аударылады. Яғни, әр оқушының бір-біріне дұрыс сұрақ қоюы арқылы оның дұрыс сөйлеу дағдысын дамыту және де жауабын білмей қалған кезде, оны басқа оқушыға қайта бағыттай алу әдістерін үйрету болып табылады. Бұрынғы сабақтарды жүргізу кезінде оқушылардың ойлауына мүмкіндік бермей, кейде сол сұраққа өзіміз жауап беретінбіз, ал қазіргі таңда «сен қалай ойлайсың?», «көмектесе алатындар бар ма?», «осы сұрақты кім толықтыра алады?» деген сұрақтар арқылы тақырып бойынша оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандыратын болдық. Оқушылар жаңа тақырыпты түсіну үшін қойылатын сұрақтардың төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі деген екі түрі бар екенін білдік.

Оқушылар диалог кезінде бір-біріне сұрақтар қойып сұхбаттаса, енді сұрақты қайтадан бағыттау арқылы жұмыс жүргізеді. Сабақта өздерін еркін ұстап, түсініксіз кездерін талқылап, сөйлеседі.

Сыни тұрғыдан ойлау- қазіргі кезде ең басты педагогикалық түсінік. Өйткені тек мұғалімдер ғана емес, сонымен бірге оқушыларда сыни тұрғыдан ойлауға бейім болуы керек. Яғни оқушылар материалды тек қана жай қабылдап қоймай, бақылап, өз пікірін айта отырып, талдап, қорытынды жасай алатын болады. Әрбір сабақта белсенділік танытып, сұрақты дұрыс қоя алады, басқа оқушының жауабына күмән тудырып, оған дәлелдерді қажет етеді. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар тиянақты, жан-жақты, жаңашыл идеялары көп, ізденімпаз, жеке, топпен, ұжыммен бірігіп істейтін жұмыстарының нәтижесін шығаратын болады.

Бүгінгі таңда барлық мектептер бір данадан болсын интерактивтік тақтамен жабдықталған. Сондықтан оқушылардың АКТмен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. АКТ дегеніміз тек қана тақта емес, сонымен қатар, қазіргі кезде барлық адамдарда да, балаларда да кездесетін ұялы телефон, планшет, ноутбук, сандық теледидар, т.б. Демек, әр тақырыпта таныстырылымдар да, бейнефильмдер де көрсетіп, сергіту сәттерін орындауға болады.

Бағалауға тоқталатын болсам, дәстүрлі сабақта мұғалім басшы да, зерттеуші де, бағалаушы да болды, ал қазір осы курстан өткен әрбір мұғалім бақылаушы, көшбасшы, бағыттаушы. Барлық жұмысты орындаушы – оқушылар. Сондықтан бағалау кезеңінде оқушының бағасымен бірге дәлелін тыңдауға мүмкіндік туды. Мұғалім сабақ барысында «керемет», «тамаша», «жарайсың», «ақылды», «өте жақсы», «жақсы», т.б. демеуші сөздерді қосу арқылы формативті бағалау жүргізеді. Бұл да балаға сабақ барысында үлкен бір күш, талпыныс беріп отырады.

Бағдарламаның тағы бір модулі- талантты және дарынды оқушылармен жұмыс. Баланың қабілетін бастауыш сыныптарда жүрген кезден- ақ байқауға болады. Әр баланың қызығушылығы әртүрлі болады. Біреулер ән айтады, енді біреулері билейді, басқалары өлең жазады, сурет салғанды жақсы көреді. Осының бәрін көріп, біліп, бақылап, оны одан сайын дамытуға қолғабыс жасайтын мұғалімдер мен ата-аналар. Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.

Талантты және дарынды оқушыларды айқындаудың жолдары:даралап оқыту, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту; кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту; пәндерді таңдауын, тәжірибені арттырып, жеке кеңес беруді енгізу. Дегенмен  әр  баланың    жеке   қабілетін   анықтап,  оны  сол    бағытқа   жетелеу, қызығушылығын ояту  біздің   парызымыз.

Оқушылардың   жас    ерекшеліктеріне  сәйкес    білім    беру    және    оқу  модулі     талантты және дарынды оқушылармен жұмыс модулімен     өзара  тығыз байланысты. Өйткені,  екі  модуль   де    оқушылардың    қажеттіліктерін  қанағаттандыруға    бағытталған  сараланған      оқытуға   қатысты   болып   отыр.  Мұнда   оқушылардың  оқуға  деген   қабілеттік,  сондай-ақ  зейін   сөз   сөйлеу  дағдылары,  ойлау  негіздеу    және   шығармашылық   зияткерлік   сияқты   қабілеттерді     дамыту    және    тұрақтандыру    қарастырылады және бірнеше маңызды теориялары негізгі болып табылады.

  Білім   берудің   жаңа    бағыттарының      тағы    бір    ерекшелігі-  білім   берудегі   басқару   және   көшбасшылық. Мұғаліммен қатар оқушылар да топтық, ұжымдық жұмыстарда көшбасшылық жасап, басқаруды үйренеді.

Міне, осы қызықты да күрделі курстың 3 айын өткізіп, есептер мен таныстырылымдарды қорғап, ең басты күнге де жеттік. Біздің тест тапсыруымыз Президент күнімен іспеттес болды, яғни 1-желтоқсан 2013 жыл. «Өрлеу» «БАҰО» АҚ орталығының директоры Исимбаев Е.Т. барлығымызды жинап мерекемен құттықтады да, осы сыннан сүрінбей өтуімізге сенетінін айтты. Көтеріңкі көңіл-күймен барлығымыз емтиханнан өтіп, 2-3 жұмадан кейін көптен күткен сертификатты алдық. Әрине, қуанышымызда шек жоқ. Өзімізбен бірге 3 ай болған, қазір де хабарласып, тәжірибесімен бөлісіп, қажетті ақпараттарды айтатын жанашыр тренеріміз Аембаева Аяжан Ешимбаевнаға үлкен алғысымды білдіремін.

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кірсін десек, еліміздің болашағы болып табылатын жастарымыздың тәрбиесі мен білімін жаңа жолға салғанымыз дұрыс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім саласына ерекше көңіл бөле отырып, «Қазақстанның болашағы бүгінгі жастар, Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер Қазақстан сол деңгейде болады» - деген. Бұл жолда еңбек ететін ұстаздар қауымы. Сондықтан да біздің өзгергеніміз жөн.


Абжанова Мансия Сабикеновна

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Еңбекшілдер ауданы

Макин орта мектебі






























Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров87
Номер материала ДБ-035860
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх