Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ
963164
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Батаева Дина Муханбетовна

Батаева Дина Муханбетовна

  • учительница казахского языка и литературы
  • Казахстан
  • 17.03.1976

Категории по интересам:

Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз. Өмірлік ұстанымы: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен қайратың екі жақтап... Ағымнан жарылып, сырымды ақтара сөйлесем, «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дегендей, ұстаз болу менің мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімнен басталған арманым болды. Арманым алға жетелеп,алдыма үлкен мақсат қойып, өзім қалаған ұстаздық мамандықты «өте жақсыға» аяқтап, туып- өскен киелі Жақаев топырағында алғашқы еңбек жолымды бастадым. Жылдар өтті… Менің аңсаған арманым орындалды. Көктемдегі сүйемін ғой құстарды, Ұлықтайтын әуенімен ұстазды. Өзім сүйіп ұнатқан соң ұстаздық, Қатарынан меңгергенмін үш пәнді. Отбасында ата-анам келешекті ойлап, маған сабырлы мінездің үлгісін, еңбектегі адал табысын көрсете отырып, мені адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиеледі. «Жапырақ тамырдан нәр алады» дегендей ата-бабамыздың әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін, еңбексүйгіштік қасиеттерін өзім өскен отбасынан алдым. Ел- жұртымыздың, туған жеріміздің ерекшелігін , қасиетін ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соған деген махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткізетінімізді шәкірт кезімнен-ақ сезіндім. Жоғары оқу орнын бітіріп, өзім туып - өскен Ыбырай Жақаев ауылындағы мектепте мұғалім болып қызмет атқарудамын. «Адамның адамшылығы- ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана, жақсы ұстаздан болады. Адам баласын бауырым деу – жүрек ісі» ,- деп ұлы ақын Абай айтқандай , балғын жастарды тәрбиелеуде, жас ұрпақтың зерделі, көрегенді, парасатты азамат болып өсуі үшін бар күш - жігерімді жұмсап келемін.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0