Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ
1017321
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Куспанова  Бибигуль Кабдыгалиевна

Куспанова  Бибигуль Кабдыгалиевна

  • Учитель
  • Казахстан
  • 17.02.1967

Категории по интересам:

Ұстаз болу – адамның асылдығы, — деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, ұстаз ақылды, мейірімді, батыл, білімді, жан-жақты болу керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Сол себепті де ұстазға өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялайтын жан, — деп Ж.Ж.Руссо баға берген болатын. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай болу керек. Ұстаз болу бала кезімнен арманым еді. Сол кезден ақ ұстаз – мектептің айнасы, бәйтерегі екендігін жете түсіндім.Мұғалім мамандығын таңдап, еңбек еткеніме 23 болды. Круглоозерный ОЖББ мектебіндегі физика пәнінің мұғалімі ретінде өзіндік талдау жасар болсам,жекен жетістіктерім аз емес. Оқушыларым физика пәнінен аймақтық, қалалық олимпиадалар мен әр түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтатын болсам: физика пәнінен кіші олимпиада 7 класс оқушылары ІІ, ІІІ- орын, оқушылар тобы 7-8 сыныптар арасында қалалық сайыс «Физикалық ертегі» І-орын, 9 сынып оқушылары»Ғарышқа қадам» І-орын, Өмірбаев Мирамбек 10 сынып оқушысы Республикалық марафон «Ақбота» ІІ-орын, Мендалиева Әсем 10 сынып оқушысы Республикалық марафон «Ақбота» ІІІ-орын Жумагалиев Амангельды 10 сынып Республикалық марафон «Ақбота» ІІІ-орын,2012 жыл Жумагалиев Амангельды 10 сынып оқушысы қалалық ғылыми жоба «Экология және ғарыштық қызымет» ІІ-орын,2012 жыл жыл Жумагалиев Амангельды 10 сынып оқушысы облыстық ғылыми жоба «Экология және ғарыштық қызымет» ІІ-орын,2013 жыл Баянғалиев Тілеген 10 сынып оқушысы «Ғарыш әлеміне саяхат» Презентация І-орын,2013 жыл Әжімұрат Жанар 9-сынып оқушысы қалалық жоба «Байқоңыр ғарыш айлағы және оның Қазақстан биосферасына әсері ІІІ-орын,2014 жыл 11 сынып оқушысы «Ғылым әлемін ашамыз» Диплом. Оқушылармен қатар өз жетістігімді айта кетсем: «Физика және астраномия» журналына «Механикалық жұмыс»7-сынып, «Информатика негіздері» журналына «Санау жүйелері» 8 сынып, Информатика пәні бойынша 5-6 сыныптарға арналған қосымша оқу әдістемелік құралы жарық көрді, ҚББ Құрмет грамотасы; Физика пәні мұғалімдерінің арасындағы «Квант» сайысы – ІІІ орын,2013 жыл ҚББ Құрмет грамотасы,2013 жылы 13 қарашада «Жайық ұстазы» газетіне тәжірибе алмасуға бағытталған «Жұмыс.Куат.Энергия» атты сабағым жарық көрді,2014 жыл қалалық білім беру бөлімі «Малекулалық физика және электро магнетизм» тараулары бойынша зертханалық жұмыстар жинағы еңгізілген әдістемелік құрал қала көлеміне таратылды,2014 жыл «Физика және ғылыми техникалық прогресс» (зерттеу сабағы) 11«А» сынып және «Өткізгіштердің аралас жалғануы» 10«А» сынып,Сыныптан тыс шара «Табиғаттағы электр құбылыстары» 8«А» сынып бойынша өткізген сабақтарым Халықаралық Әдістемелік «Ұстаз.kz» сайиында жарық көрді. Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Мен физика сабақтарында оқушылардың білім деңгейлеріне қарай деңгейлеп дамыта оқыту әдісін қолданғанды жөн көремін. Өйткені, оқушы өзін қызықтыратын нәрселерге ғана көңіл аударады. Физика бұл өте күрделі пән, бұл пән математика, тарих, жаратылыстану пәндерімен тығыз байланысты. Оқушылардың әр тақырыпты меңгеруі әр түрлі деңгейде болады. Сол себепті жұптық, топтық жұмыс бұл пәнге сай келеді. Сабақта есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыруға болады. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының ынтасына да көңіл аударылады. Соңында жаңа материалды ғана емес, ненің ұнағандығын, қандай тәсілдердің қолайлығын да талқыға салып отыру керек. Кейбір кездерде ережелерді, тіпті терминдердің мағынасын үнемі талдап түсіндіріп отыру қажет, оның себебі физикалық терминдерді оқушылар үнемі естіп жүргенімен, өз ойларын түсіндіру кезінде жеткізе алмайды. Мен, деңгейлік оқыту әдісін қолдана отырып, оқушыны оңайдан қиынға, сатылап білім дәрежесін көтеруге ықпал еттім. Сабақ барысында оқушының деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы өзіндік даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түсетеді. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді. Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалім сыныптағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшелігін ескеріп отыруы мүмкін емес. Білім – әрбір оқушының бағындыратын шыңы. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар кездессе, оқу, білімді меңгеруде де сондай қиыншылықтар кездеседі. Оны жеңілдету – ұстаздардың міндеті. Мен де осы мақсатта педагогикалық технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін пайдалануға тырысамын. Әрбір жеке тұлғалардың білімділігі, кеңінен ойлауы, анализдей білуі тұрғысында тікелей жұмыстар жүргіземін. Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты – өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларыма өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйретемін. Сондықтан жаңартылған технологиялардың элементтерін пайдалану – әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс. Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады, оқушылардың білімі әділ бағалануына, өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді. Сабақ кезінде түрлі әдістер қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығуы артады. Ол өз кезегінде білім сапасына да оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Менің оқушыларымның арасынан осындай ұстаздар шықса онда менің еңбегімнің жанғаны деп ойлаймын. Сондықтан, өз шәкірттеріме білімімді одан әрі жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу - негізгі мақсатым.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0