Инфоурок Баймуханов Рустем Базарбайулы

Баймуханов Рустем Базарбайулы

  • Ученик
  • Казахстан
  • 22.08.1999

Категории по интересам:

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебінің 9 – сынып оқушысы Баймуханов Рүстем Базарбайұлына Мінездеме Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебінің 9 «а» сынып оқушысы Баймуханов Рүстем Базарбайұлы 1999 жылдың 22 тамызында дүниеге келген. Рүстем 2001 жылдың қыркүйек айында 1-сыныпқа келді. Оқуға деген ынта-ықыласы өте жоғары. Аталған оқушы 1-9 сынып аралығында жақсы оқып, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысты. Сүйікті пәндер: қазақ тілі, математика, Қазақстан тарихы, информатика. Рүстем мінезі ашық, елгезек, ақ жарқын достарымен жақсы тіл табысып, олардың ой – өрісімен санаса алатын оқушы. Өзіне берген тапсырманы уақытында бұлжытпай орындайды. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу жағынан үнемі алда, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Рүстем спорттық үйірмелерге қатысып футбол, баскетбол, волейбол ойнайды. Бос уақытында математикадан есеп шығаруды, шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы ойнауды ұнатады. «Кенгуру-математика для всех» интелектуалды жарыс ойындарына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Интелектуалды спорт ойындарынан аудандық, облыстық және Республика көлеміндегі жарыстардың жеңiмпазы. Оған дәлел 2013 жылдың шілде айында дойбыдан Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында ІІІ орын алғаны марапатталды, 2013 жылы аудандық шахмат сайысынан І, 2014 оқу жылында аудандық спартакиадада шахмат сайысынан І, 2014 жылдың наурыз айында Қостанай облысы бойынша дойбы сайысынан І орынды иеленді.