Инфоурок Шукурова Зарипа Егемкуловна

Шукурова Зарипа Егемкуловна

  • учитель начальных классов
  • Казахстан
  • 25.05.1971

Категории по интересам:

Мұғалім неге өзгеруі керек? Мұғалімнің өзгеруі керек, себебі, әлемдегі барлық адамдардың ішінен - мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіреді. Әлем өзгергендіктен, мұғалім де өзгереді, қазіргі кезде өзгеріссіз қалу мүмкін емес. Мұғалім білім алғанды, білім бергенді жақсы көреді, балаларды жақсы көреді және мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын ұстазды қажет етеді. Сондықтан мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талапты қажет етеді. Еліміздің өркендеп, көркейіп білікті, білімді азаматтарды тәрбиелеп шығару, сапалы білім беру бұл ұстаздардың қолында сапалы әрі жүйелі білім алу мұғалім тұлғасымен жүргізілетін түрлі элементтер арасында тығыз байланыс болып табылады.