Инфоурок Сайты учителей Аскарова Динара Токташовна Блог Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту
Аскарова Динара Токташовна
5 лет назад

Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту

Ең тиянақты әрі қиын мәселелердің бірі – балаларды ой еңбегіне, өздігінен шығармашылық ойлауға үйрету болып табылады. Менің ойымша, біз, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері осы мәселемен сабақ үстінде шұғылданамыз. «Әдебиет адамның шығармашылық негізін дамытады, ақыр соңында өнер қиялдың қалыптасуына әсер етеді» (В. Давыдов)

Әдебиет сабақтарында оқушыларды тамаша қиял әлеміне кіргізіп, төл қазақ әдебиеті мен дүниежүзілік әдебиет үлгілеріне, үздік жазушылардың рухани ізденістеріне баулуға, кітап оқу қажеттілігін тәрбиелеп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық сөздерді түсініп қана қоймай, көркем әдебиет нышандары мен сөз шығармашылығын дамытуға, ана тілінің байлықтарын игеріп, пайдалана білулеріне тырысамын.

Мен сабақ процесінде оқушылардың әдеби шығармашылық еңбектерін көтермелеп, дамытуға тырысамын, себебі бұл дегеніңіз жеке тұлғаның жан-дүниесінің белсенді күшінің көрінісі мен ой-өрісінің қалыптасуы. Жеке шығармашылық жұмыс жүйесін қолданамын. Кластан класқа қарай тапсырмалар күрделене түседі. Егер 5-6 кластарда жеке тапсырма ретінде жұмбақ, ертегі, өмірлік тәжірибеден қысқаша ғана әңгіме берілсе, жоғарғы кластарда жеке көркем суреттемелер, шығармашылық портрет жасау, очерктер, өлеңдермен қоса, әдеби өлкетану, мұражай деректерінің негізіндегі зерттеу жұмыстары беріледі.

Оқушыларды көркем әдебиет туындысына деген терең дербес, эмоциялы қарым-қатынасын тәрбиелеуге бір сабаққа немесе сабақтың жартысына арналған шағын жазба жұмыстары көмектеседі.Бұл жұмыстар оқушының өз ойлары мен пікірлерін жиі айтуына, алған әсерлерімен бөлісуіне, автор ойына үн қосуына, назары мен шығармашылық әрекеттерді тәрбиелеп, әдеби көріністерді саралау мен салыстыруға үйретеді.

Шығармашылық ой-өрісті шығармашылықтың бастауы болатын әдеби мәтін мен суретті деректерге сүйене отырып жазылған жеке эпизодты, экранизациясы бөлек жазбаша жұмыстар дамытады. Мазмұнын жақсы білу, шығармаға деген құмарлық тіпті автор ойының жалғасын болжайды.

Әрине, көркем шығарма – оқушының ой-өрісінің қалыптасуына, өмірге деген есті көз-қарасының өсуіне әсер ететін ең мықты тәсілдердің бірі. Ауызекі тілді жақсы меңгеру мен өз көзқарасын білдіре алу да маңызды. Бұған көркем әдебиеттің мазмұнына терең де мұқият ену септігін тигізеді. Мен бұл процестің іс жүзінде мектепте бітпей, адамның өмір соңына дейін жалғасады деген сөзбен келісемін.

Әдеби шығарманы озық түсіну жазушының ойы мен пікіріне жас оқырманның сезімі мен бар тәжірибесі қосылғанда және көркем қабылдау мен таным эмоциялы, адамдық, жалпыбілімдік бапқа сүйенгенде, таным эстетикалық факторға айналып, өз кезегінде сезім мәдениетін, ақындық байқаушылығын,оқырмандық парасатын белсенді түрде дамытқанда іске асады. Адамның үздіксіз өзгеріп отыратын тәжірибесі көркем шығарманы кезекті рет оқығанда жазушы салған суреттерді қайта жаңғыртады, алатын әсерді тереңдете түсіп, жүректеріне жаңа сезім ұялатады.

Көркем шығармада өрнектелген сөзді түсіну үшін біріншіден бұрынғы көзқарастарды,алған әсерлерді,түсініктерді тұжырымдау керек, екіншіден жазушы белгілеген бағыт-бағдарларды пайдалана отырып шығармадағы образға жеткізу керек. Әлеуметтік дайындық қажет. Бұл ой В. Г. Белинскийдің еңбектеринде де кездеседі: «Өнерді ақиқатты түрде, толығымен игеру, толығымен шығармадан нағыз рахат алу үшін тиянақты ой қорытып, даму қажет: адамның табиғаттан алатын эстетикалық сезімі оқу мен тоқудан туындайтын эстетикалық деңгейге жетуі тиіс. Бұл тек көркемөнерді аса байыптылық пен ой-толғауды қажет ететін, ақыл мен жүректі жетілдіретін іс деп танитын адамдарға ғана қол жетімді. Көркемөнер нағыз ғылым мен білімпаздықтың өзі. Өнерді бүкпесіз тану көп оқуды, сонымен бірге шамасы көркемөнер аймағынан мүлде тыс затты да оқуды қажет етеді.

Оқушының жеке шығармашылық әрекеті барысында шеберлікпен тілдесу, оған деген қызығушылық пен ынта ара-қатынастың екі каналы негізінде жүзеге асады: тікелей шығармамен жанасу, көркемөнер туралы мағлұмат алу арқылы.

Сабақта программа талаптарына сай және мұғалім бағыттап, икемдеген үйге берілетін өзіндік жұмыс барысында оқушылар көптеген әдеби көркемөнер туындыларымен танысады, тіл өнері, оның даму заңдылықтары туралы кең-көлемді мағлұмат алады. Көркемөнердің репродуктивті қызметі оқушылардың туындыны ұғуына бағытталса, продуктивті қызметі бір тума жеке әдеби тоқтам жасап, жеке көркемөнер қызметі қалыптасады.

Әдеби образдың айқындылығы абстрактілі қабылдауды көтермейді. Бұл жағдайда образ шашырап, өмір сүруін тоқтатады, олай болса, оқушылардың сана-сезіміне өзіне тән қасиет, ерекшелігімен ықпал ете алмайды, қажетті эмоциялы әсер бермейді. Шеберлікті танудың шарты болып табылатын көркем әдебиетті образды ойлау жүйесінен бөлектеуге болмайтыны осыдан.

Көркем әдебиеттегі заттар мен құбылыстарды, адамдарды, олардың күй-жағдайын өткір қабылдау мен түсіну тәжірибе барысында ғана келетін қасиет. Жазушы жаратқан бейнені жанды бояулармен, дыбыстармен, иіспен, өмірдің жүрек қағысымен толтыра білуді өнер қайраткерінің тәжірибесі үйретеді. Арнайы сұрақтар мен жаттығулар арқасында ойда елестете алу қабілетін оятуға болады, сезім арқылы қабылдауды арттыруға болады. Ол айқындылық пен сезгіштікке ие болып, жазылған шығармадағы дыбыстар мен пішіндер, бояулар мен иістер ойда нақтылы түрде көрсетіліп, сезіледі.

Менің тәжірибемде арнайы жаттығу мен дайындықсыз-ақ оқылған шығарманы лезде елестету қабілеті бар оқушылар сирек кездесті, сол себепті мен оқушылар арасында бапсыз адамға түсініксіз сезім әлемін ұғынатын ойшылдар мен ақындарды, суретшілерді, яғни оларға тән қасиеттерді оятуға тырысамын.

Көркем әдебиетке деген қабілеттіліктің дамуының маңызды шарты болып мұғалімнің оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен дайындықтарын ескере отырып жасайтын күнделікті жұмысы болып табылады. Мәтін бойынша жұмыс кезінде оқушылардың елестете алу, образды ойлау қабілетін арттырып, өздерінің дербестігін тереңдету керек. Мұғалім қолдағы қаламұшпен ойға шомуды үйретеді, өнерпаз тұлғаны қалыптастырады.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.