Инфоурок Куттыкова Жамила Мешитбаевна

Куттыкова Жамила Мешитбаевна

  • учитель английского языка
  • Казахстан
  • 17.02.1965

Категории по интересам:

Ұстаздық жолымның бастау алғанына он жылдан астам уақыт болса да, мектеп өмірі- мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын. Қазір де солай. Күллі қазақ елінің мақтанышы, жерлес академик ағамыз З.Қабдолов былай деген екен: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау». Бұл сөздің астарында ұстаздық мамандық атаулының төресі деген ұғым тұр. Олай дейтінім, өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған адам. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені, айналасына қуат беріп, жолында кездескен таудай қиындықты тастай домалатып, білімнің сар даласында толас тауып, дамылдайды. Ұстаз тәрбие майданында балалардың жат қылықтарымен арыстанша арпалысқан батыр. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен шәкірттеріне щуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз –ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы