Инфоурок Анешова Таншолпан Болысбековна

Анешова Таншолпан Болысбековна

  • учитель
  • Казахстан
  • 05.05.1995

Категории по интересам:

Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 24 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі сол мерекеде оларды бұрын өздері жұмыс істеген ұжымы қонаққа шақырады. Онда әр зейнеткер байырғы ұжымымен кездесіп, жастарға ақыл кеңестерін айтып бір серпіліп қалады. Олай болса осы айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз! Бүгінгі біздің мерекелік кешке қош келдіңіздер!