Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
16 дней назад

Абдикаримова Мархабат Абдимажитовна

өзін өзі тану мұғалімі

Казахстан Түгіскен орта мектебі

Материалов: 1

Просмотров: 202

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Абдикаримова Мархабат Абдимажитовна

Білім берудің ұлттық жүйесінің еліміздің адам ресурстарын дамытуға үлесінің тиімділігін арттыру үшін, жоғары білім беру бағдарламасының «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша базалық пәндер циклына «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп отыр. Бұл пән болашақ педагогтің рухани мүмкіншіліктерін, оның тұлға ретіндегі, мәдениет, әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамытуды және байытуды көздейді. Жаңа пән әрбір адамның өзінің сәйкестілігін және өзінің бағыттылығын сезініп, түсінуіне, жалпы адамзаттық идеалдармен, жалпыұлттық қазақстандық идеямен және өзінің қайталанбас даралығымен сәйкес келетін құндылықтардың өзіндік жүйесін қалыптастыруға жағдай жасап, мүмкіндіктер тудырады. Әрбір педагогтің қазіргі заманғы әлемдегі басты қызметі, міндеті – оқушының қоғамға қызмет ету мақсатында өзінің өлшенбес әлеуетінің көзін ашып, жүзеге асыруына мүмкіндік алуы үшін өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуының ұйтқысы болу. Мұғалімнің оқушыға ықпалы оның тұлғалық қасиеттері мен өмірлік ұстанымдарын, педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен әлеуметтік рөлін, өзінің кәсіби міндеттері мен тұлға ретінде өзіне қоятын талаптарын сезінуімен және қабылдауының дәрежесімен анықталады. Мұғалімнің дүниетанымы, көзқарастары жоғары мектеп студенттерінің өз өмірінің мәні мен мақсаттарын, өзінің мүмкіншіліктерін түсінуге, әлемге және адамдарға қатысты адамгершілік, ізгілік ұстанымдарын айқындауға септігін тигізеді.

  • 1 материал

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх