Абдраухова Жайнагуль Жугинисовна Атырау қаласындағы педагогикалық институттың тарих – филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 1993 жылы бітірген. Сол уақыттан бері үздіксіз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп келеді. Еңбек өтілі 22 жыл, бірінші санатты мұғалім.
Абдраухова Жайнагуль Жугинисовна №34 орта мектебінде 1997 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қызмет етіп келеді. Ол осы күндерден бастап ұстаздық қызмет талаптарына сай өзінің білімді, еңбекқор, ізденгіш, жауапкершілік қасиеттері мол екенін көрсете білді.
1999 - 2004 жылдары «Зерде» ОҒҚ жетекшісі, 2004 - 2009 жылдары мектеп әдіскері, 2013 жылдан әдістемелік бірлестік жетекшісі. Класс жетекшілік міндетін де атқарып келді. Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді араласа білді.
2013 – 2014 оқу жылында облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне өткізілген «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде инновациялық технологияны пайдалану» атты облыстық семинарда іс – тәжірибе таратты. Сабақ жоғары дәрежеде болды. Өз тәжірибесін тарату мақсатында республикалық басылым бетіне, республикалық порталдарға сабақ жоспарларын жіберіп, облыстық, халықаралық баяндамалар жинағына баяндамаларын жариялап отырады. 2014 – 2015 оқу жылында облыстық мұғалімдердің педагогикалық тамыз кеңесінің электронды жинағына «Өз бетінше іздендіру жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбындағы баяндамасы енгізілді. «Педагогтің инновациялық қызметі – заманауи білім беруді дамытудың негізі» тақырыбындағы облыстық форумы материалдары жинағына «Білім беру жүйесінде педагогикалық инновацияларды қолданудың тиімділігі» атты баяндамасы енді.