Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
2 месяца назад

Абильдина Камшат Сейтбековна

учитель начальных классов

Казахстан Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

Материалов: 0

Просмотров: 0

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Абильдина Камшат Сейтбековна

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі Тақырыбы: «Рахмет саған әліппе !!!» Өткізген : Абильдина Камшат Сейтбековна 2015-2016 оқу жылы Тақырыбы: Рахмет саған әліппе !!! Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін- өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, әліппе,ана тілі ,математика оқулықтары Фанфар: Теле жүргізуші: Едрес Салтанат Нұрланқызы . Құрметті көрермендер ! !! Бүгін Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің 1 «А» сынып оқушыларының «Рахмет саған әліппе » ертеңгілігі өткелі жатыр екен арнамыздан ажырамаңыздар .Сіздермен болған Қазақстан –қостанай теле жүргізушісі Едрес Салтанат Нұрланқызы. Би : «Маряк» 1-Жүргізуші: Аружан Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарында қызғалдақтай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. 2-Жүргізуші:Жанарыс: Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. 1-Жүргізуші: Аружан Ең алғаш алғанымда «Әліппені», Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, Ұстазым оның кілтін алып берді . Олай болса 1 «А» сынып оқушыларын қарсы алыныздар!!! 1-Жүргізуші: Аружан Оқушлар Мен сендерге жұмбақ жасырайын .Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Барлығы: Ол- сүйікті Әліппе. 2-Жүргізуші:Жанарыс: Олай болса әіппені ортаға шақырайық! Әліппе,Әліппе,Әліппе! Әліппе: Жұлдыз - Ортаға келеді. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Армысыздар,жас достар! Армысыздар,ата- аналар! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың, Басталады сендерден. Балалар бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. 2-Жүргізуші: Жанарыс Әліппе біздің бүлдіршіндеріміз сенен әріп танып, міне бүгін қоштасқалы отыр. Сен арқылы сауаттанып, әріп үйреніп, енді өздері қосып оқып, өздері жаза алады. Әліппе: Жұлдыз Оқушылар сендер барлық әріпті меңгердіңдер ме? Оқушылар : Ия Әліппе:Жұлдыз - Ендеше мен сендердің Не біліп ? Не үйренгендеріңді тамашалайын- деп келдім. 1-Жүргізуші: Аружан Төрлет,Сүйікті Әліппе ! 2-Жүргізуші: Жанарыс: Жақсы білім көрімдік, Болсын бізге халайық. Не үйреніп, не білдік Кәне, ортаға салайық. 1-Жүргізуші : Аружан Қане назар салайық, Зейін қойып тыңдайық. Әріптермен танысу Тақпақтардан бастайық. 1-оқушы: Әмірхан Әліппені бітірдім, Жаза аламын атымды. Әліппені бітіріп, Бала болдым ақылды. 2-оқушы: Мариям Енді біз жаза аламыз, Әріпті қосып әріпке, Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздің Әліппе. 3-оқушы :Сұлтан Бүкіл қазақ баласы дәріптеген Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен Ризамыз бәрімізді таныстырған Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен 4-оқушы: И.Аружан Барлық әріп бағалы Айттық әділ бағаны Әріпсіз сөз болмайды Буын онсыз толмайды 5-оқушы: Тимур Білім алып мектепте Талай пәнді оқимыз Мұғалімнің айтқанын Зердемізге тоқимыз. 6-оқушы:Нурия Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің сүйікті әліппем Сенің арқаң оқи жаза білгенім Сауатты адам қатарына кіргенім. Ән: Ақ мамам Арайлым мен Дария . Әліппе: Жұлдыз -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Математиканы ортаға шақырайық! Математика :Дильназ. - Оқшылар сендер де мені әліппемен бірге оқып, менгердіңдер!Математика – ғылымдардың атасы демекші. Ендеше математикадан алған білімдеріңді тексеріп көрейін.Менімен бірге ойын ойнауға дайынсыңдар ма? Математика тапсырмасы: Барлық оқушыларға бірдей тапсырма. «Сандардың көршісін ата» ойыны 2,4,6,8,9. «Кім жылдам » ойыны Ойынның шарты: оқушылар өз білімдерін ортаға салады . 2+2= 4+3= 3+3 = 10-6= 9-7= 6-3= Математика: Дильназ. Оқушылар мен сендерге өте ризамын.Өйткені математика сабағын жақсы меңгергендерің байқалып тұр.Алдағы уақытта тек қана сәттілік тілеймін.Қанаттарын ешқашан талмай ,жақсы оқыңдар! Би: Ұлдар биі Әліппе:Жұлдыз - Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық. Ана тілі: Гүлсауле -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Туған елдің тілімін, Ақылымен танылам. Түсіндірер бәріне Ана тілі мен болам. Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін. Әліппе: Жұлдыз Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! Барлығы: «Рахмет саған әліппе » Хор: «Рахмет саған әліппе » Ана тілі тапсырмалары: Оқушылар мен сендерге құр бос келген жоқпын. Сонымен қатар өзіммен бірге тапсырма ала келдім. Сендер менің тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма? Оқушылар: ия Ана тілі : Гүлсауле . -Олай болса бірінші тапсырма: 1. «Жоғалған әріпті тап » ойыны ....т....., ....же , ....н...., ....ке, ....ліп...., оқу.....,ұс....аз. Ана тілі: Гүлсауле. Оқушылар бүгін бәріңде өз білімдеріңді ортаға салып, не үйреніп,не білгендеріңді айтып жатсыңдар.Менде сендерге шексіз ризамын. Көрініс: «Құстың ұясы » (Кейіпкерлер: Асан мен Қанат және оның Әкесі ) Балалардың ойнап жүріп ,ағаштың ішінен бір құстың ұясын көреді.Бұл ұяның ішінде екі балапан отыр екен.Асан қарашы құстың ұясын. Балалар біреуін алып, үйіне келеді. Оны көрген Әкесі баласына: Балам, бұл балапанды қайдан әкелдің? «Бұл балапанды неге ұядан алдың ?»Шешесіз балапандар тұра алмайды .Шешесі балапандарын іздеп шыр –пыр болып жүрген шығар .Өліп қалмай тұрғанда балапанды өз ұясына апар дейді. Құстарға қамқарлақ көрсету керек. Құс адамның досы.Балалар балапанды аяп,ұясына апарып қояды . Ана тілі:Гүлсауле Рақмет, балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын. Калима: Сөйледі олар тіл бітіп Не бір қызық сырларды Тыңдай бердім мен жұтып Тіл біткен тақпақ жырларды Жанғали Аружан : А – ны айтқанда дауысым дірілдейді Ұстазым көз алдымда күлімдейді Күн сайын әріптердің атын біліп Сөз оқимын айырып буынды енді. Малик: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріп те Оқимыз қазір ертек те Үйретті оны Әліппе! Надир: Әліппені бітірдім, Жаза аламын атымды Әліппені бітірдім Бала болдым ақылды. Көп нәрсеге үйреттің, Таныстырып әріппен, Тақылдатып сөйлеттің. Казбек: Ана тілі біздің туған анамыз Анамызды сыйлап , бағып қағамыз Ана тілін бағаласақ қалай біз Өзіміздің сондай болмақ бағамыз. Анель: Ана тілім – елдігім, Ана тілім – ерлігім. Ана тілім болмаса, Бүтінделмес кемдігім. Би: «Домбыра » биі Ән: Ардақты ұстазым 2-Жүргізуші:Жанарыс: Өсті міне бойларың Өсті,міне ойларың. Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың! 1-Жүргізуші: Аружан Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі оқып жазатын хәлге жетті. Құтты болсын білімі балалардың, – дей отыра, бірінші құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Алимова Айткүл Едресқызына беріледі.

    Данный пользователь пока не добавил ни одного документа.

    Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
    Специальное предложение
    Вверх