Мен өзім жұмыс істеп жүрген мектебімді — өз үйімдей, өзім сабақ беретін оқушыларымды — өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген ұстаздарды өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айтқаным емес. Егер мамандық қайта таңдау қажет болса, мен осы ұстаздық мамандықты ойланбастан тағы да таңдар едім. Басқа мамандық туралы бала кезден бастап ойыма да кіріп шықпапты. Қоғам үшін өзіңді жауапты санаудан артық бақыт бола ма? Мен қазір баланың шуынсыз, қоңыраудың үнінсіз жүре алмайтын жағдайға жеткен ұстазбын. Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз бар ғой, ол шындық екен. Жұмысыңды аңсап бару, қуанып қайту, өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңді білу, бұл — мамандығын сүйген адамның ісі.
Мен өзім жұмыс істеп жүрген мектебімді — өз үйімдей, өзім сабақ беретін оқушыларымды — өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген ұстаздарды өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айт...