буынга бөлейік сауат ашу

Сабақтың тақырыбы:Буынға бөлейік

Мақсаты:буын туралы түсінік беру; сөздерді буынға бөлуге уйрету;жазуға қолдарын жаттықтыру;

Кіріспе:

-Балалар,бүгін ауа-райы қандай?

-Ауа-райы таза екенін қайдан білдіңдер?

-Аптаның қай күні?

Ендеше аптаның алғашқы күні,алғашқы сабақты жақсы көңіл-күймен бастайық.

Негізгі бөлім:

Алма сөзіне дыбыстық талдау жасату.Алма екі буыннан турады Ал-ма. Раушан,ата ,ай т,б сөздерді буынға бөлу.

Дәптермен жұмыс

(доп,піл,мысық,көбелек т,б ) буынға бөлу,неше буыннан туратынын айту.

Жұмбақ жасыру

Судан ол қорқады

Бұдан кір қорқады

Ойын: «Кім жылдам?»

Тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату.

Буынға бөлгізу.

Ойын: «Біз зерекпіз»

Шарты: Сөздерді ретімен айту,ж дыбысы бар сөздер кездескенде балалар қол шапалақтауы керек.

Сергіту сәті:Топ-топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

-Бүгін біз не үйрендік?

-Буын дегеніміз не?

Балаларды мақтау,мадақтау.

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.