Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
2 месяца назад

Ахаева Кундыз Максутовна

учитель начальных классов

Казахстан СШО №7

Материалов: 5

Просмотров: 1573

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Ахаева Кундыз Максутовна

Пәні: Сауат ашу Тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі Мақсаты: Оқушыларға Өө дыбысы мен әрпін таныту, білімдерін кеңейту. Баспа жазба түрімен таныстыру. Міндеттері: а) оқушыларға ө дыбысының айтылуын, жазылуын меңгерту. Сөздерді сөйлемдерді буындап оқуға үйрету ә) оқушылардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, дүниетанымдарын дамыту. б) оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өзін дұрыс ұстауға дағдыландыру. Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту Көрнекіліктер: әріп үлгісі, кеспе әріптер, интерактивті тақта. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау-жинақтау, көрнекілік, ойын. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Құрал-жабдықтарын түгелдеу 3. Психологиялық дайындық. Сабаққа сегізде келеміз. Сабақтан қалмаймыз дегенбіз. Әліппені 4-5 ке оқып, Білімді оқушы боламыз дегенбіз IІ. Біз не білеміз?өткенге шолу. 1. Әріп дегеніміз не? 2. Дыбыс дегеніміз не? 3. Дыбысты таңбаласақ не шығады? 4. Дыбыс түрлері? 5. Біз неше дыбыс өттік? 6. Дауысты дыбыстарды ата? 7. Дауыссыз дыбыстарды ата? IІІ. Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей: Суреттерді атау, буынға бөлу. ІІ деңгей: Сөздерді оқу ІІІ деңгей: Сөйлемдерді оқу. ІV. Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту Жұмбақ шешу Сөздің сыры – көп жұмбақ Шешуін кім табады? Кімдер шешсе тез ойлап, Сол жеңімпаз болады. 1. Тәтті, тәттінің іші қатты, Қаттының іші қатты. (өрік) 2. Торын құрып қояды, Шыбындарды жояды (өрмекші) 3. Өзі күшті, мүйізі мықты Қызылды көрсе, құтыра шықты (өгіз) - Балалар, осы жұмбақтардың шешуін айтайықшы. - Өрік, өрмекші, өгіз - Осы сөздердегі ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? - Ө дыбысы. - Олай болса, балалар біздің бүгінгі танысатын сиқырлы әріп Өө дыбысы мен әрпі. - Қане, бәріміз бірге айтайықшы - Ө-ө-ө - Ө дегенде не естіліп тұр? - Дыбыс - Ө дыбысы қалай айтылып тұр? - Созылып, жіңішке - Сонда Ө дыбысы қандай дыбыс болғаны - Дауысты, жіңішке Қызыл үйге кіргіземіз. V.«Көре отырып үйренем». Көрнекі суреттермен жұмыс. - Мынау не? - Өзен - Қай әріптен басталып тұр? - Ө - Ал мынау не? - бөрік VI. «Оқы, оқы және оқы». Оқулықпен жұмыс 1. Дыбыстық талдау. - Мынау не? - Өрмекші. - Барлығы неше дыбыс? 7 - Дауысты дыбыс нешеу? 3 - Дауыссыз дыбыс нешеу? 4 - Неше буын – 3 2.Сөздерді оқыту. (жаңа дыбыстың орнын тапқызу.) - Ө дыбысы сөздің басында және ортасында келеді. 3. «Өркеш» мәтінімен жұмыс. - іштей, тізбектей оқыту. «Сергіту сәтін орындату» Ормандағы аюдың, Өріктері көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. Аю келіп қалмасын, Жылдамырақ қашайық. VII.«Көркем жаза білеміз». Дәптермен жұмыс. - Жазуды бастар алдында ережені ескерту. - Жазу кезінде дұрыс отыру керек. - Дәптерді қиғаш қоямыз. Жазуымызды көркем етіп жазамыз. - Ө дыбысын ауада жазу - Әріпті үлгі бойынша жазу - Еркін жазу, қолды жаттықтыру. - «Жоғалған әріптер» ойыны - ө сы..ғыз б..ік к..рік - з қо..ы к..рпе к..ім - и қарбы.. б..рік ш..е VIII.«Ой қорыту» - Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? - Өө - Ө қандай дыбыс? - Сөздің қай жерінде жазылады? IX.Үйге тапсырма: Ө ө дыбысына берілген сөздерді, мәтінді оқу. X.Бағалау

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх