Ахметова Бибігүл Есмухановна

  • учитель
  • Шагирсайская основная школа
  • Казахстан
  • 11.01.1970

Категории по интересам:

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Күзексай ауылы Шағырсай негізгі мектебі Ахметова Бибігүл Есмухановна бастауыш сынып мұғалімі Мен ,Ахметова Бибігүл Есмухановна Шағырсай негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғаламі болып қызмет жасаймын . Еңбек өтілім жиырма төрт жыл . Бірінші санатты мұғаліммін . Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін артттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі )деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтадым . Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 білім беру тұжырымдамасында орта мектептердің 12 жылдыққа өтуі ,жаңа технологияны меңгере білетін ,озық ойлы тұлғаны қалыптастастыруымыз қажет деген .Сондықтан бастауыш сынып мұғалаімдері өз мамандығының шебері болуы қажет .Оқушылар бойында пәндік білім мен қатар рухани тәрбиені дұрыс қалыптастыру қажет .Қазақ халқының әлемді тануда ,халықтың кім екенін танып білуінде халық ауыз әдебиетінің орны ерекше. Халық ауыз әдебиетін сүйіп оқып, меңгерген оқушының бойында адамгершілік і,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету сиқты адами қасиеттер қалыптасатыныныа сеніміміз мол .Біліктілікті арттырудың екінші деңгей бағдарламасы бойынша курстан өткен соң сабақтарымда қолданып жүрген оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдері тақырыптардың мазмұнынан толық мағлұмат бере отырып ,қосымша жұмыстар жасау арқылы пәнді оқуға оқушылардың құштарлығын оятып ,олардың танымдық білімдерін толықтыруға жағдай жасауға көмектеседі .Әр түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар жаңылтпашты құрастырады ,сурет бойынша мәтін құрайды ,өзіндік тапсырмалар орындайды .Сонымен қатар бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі –оқушылардың сөздік қорын ,ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру болып табылады . Тілі байыған сайын оқушының ақыл – ойы арта түсері сөзсіз .Бала тілін дамыту,жан- жақты қалыптастыруда қазақ халқы ауызекі шығармаларынының ,жұмбақ- жаңылтпаштар, санамақ ,ойын өлеңдерге мақал – мәтелдерге бай екені белгілі .Сондықтан осы құндылықтарды сабақ барысында жүйелі қолданып отырсақ бала тілінің дамуына оң ықпал етері анық . Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген белсенділігіін арттырудың оңтайлы тәсілі – ойын . Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттырып, кез келген мағлұматты оңай ұғындыруғамүмкіндік беретін тәсіл екені белгілі .Сонымен қатар ойын барысында алынған мағлұмат оқушы жадында ұзақ уақыт ұмытылмай сақталады .Оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдері оқушылардың белсенділігін арттырып ,пәнге деген қызығушылықтарын арттыра түсуде .Сабақ жоспарын құруда Блум таксономиясының маңызы жоғары . Б . Блум – оқыту әдістемесінің психологы . Сабақ жоспарын құруда Блум таксономиясын басшылыққа ала отырып түрлі деңгейлерге бөлу арқылы сабақ жоспары жүйеленеді . 1 Білу Бұл категорияда мәліметтерді қайталау және еске түсіру және түсініп білу 2 Түсіну Интерпретация. Оқу материалын түсіну . 3 Қолдану (Оқу материалдары ,оқулықтағы тапсырмалар ) 4 Талдау (анализ ) Шәкірт көзге көрінбейтін жайтттарды ашу,фактілер мен олардың арасындағы салдарды ашады . 5 Жинақтау (синтез ) (эссе ,схема ,модель тағы басқа тапсырмалар ) 6.Бағалау . Блум таксономиясына негізделіп құрылған сабақ жоспары әр сабақтың басты мақсатын аңғарып, соған сәйкестендіріп құрылған және де басты нәтиже беретін күрделі жұмыс болып табылады . Сабақ жоспарын құруда да үнемі оқушының әрекеті жеңілден ауырға ,қарапайымнан күрделіге ойысып ,ойлауға жағдай жасалуы қажет . Сонымен қатар оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдануда топтық жұмыстың маңыздылығы зор. Топтық жұмыс барысында оқушылар бір- біріне көмектесіп ,ойларын ортаға салады ,ынталарына күш –қуат бере отырып ,өздерінің білім алуларын көтермелейді .,оқуға ,жазуға ,тыңдауға ,сөйлеуге кең мүмкіндікберетін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдай жасайды .Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларын кесте немесе сурет , түрінде көрсетеді. Әр топ өз жұмыстарын қорғауға тырысады . Оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдері оқушының белсенділігін ,ойлау қабілетін шығармашылығын жан – жақты дамытатынын байқадым .

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 2
  • Просмотры: 507
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0