Мен Аққожина Рита Серікқалиқызы 1973жылы 5-қаңтарда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Амангелді кеншарында дүниеге келдім. 1979-1989жж Саға орта мектебінде онжылдық білім алдым.
1991-1994жж А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын оқып, «Тарих және саяси әлеуметтік пәндер мұғалімі» мамандығын алып шықтым.
1994-1995жж №19 балабақшада тәрбиеші болдым.
1998-2008жж Ақжайық ауданының Алғабас ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мамандығым бойынша жұмыс жасадым.
2008ж Орал қаласында №26 мектепте мұғалім, осы жылдың қараша айынан бастап педагогикалық колледжде қоғамдық пәндер кафедрасында оқытушы болып жұмыс жасаймын.
Педагогикалық стажым -16 жыл , санатым-I .
Менің алдыма қойған проблемалық тақырыбым:
«Студенттердің тарих сабағында өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру». Мақсатым: Студентке түсіндірудің, қабылдаудың жолын іздестіру, Тарихи құжат, естеліктер, баспасөз материалдары, көркем әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Ерекше қабілетті студенттердің өзіндік дамуына ықпал ету, зерттеу белсенділігіне қолайлы жағдай жасау.
«Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша жаңа типтік оқу бағдарламаласын жасап, соған сәйкес «Қоғамтану және өзін-өзі тану әдістемесі» оқулығының «Қоғамтану» бөлімін жасақтадым.
Пән бойынша студенттердің білім көрсеткіші 2013– 87 %, 2014жылы -90%, 2015жылы - 95% жетті.