Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
4 дня назад

Садикулова Акжайык Онгарбаевна

Музыка мұғалімі

Казахстан №7 жалпы білім беру орта мектебі КММ

Материалов: 5 Просмотров: 100 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Музыка
Инфоурок / Сайты учителей / Садикулова Акжайык Онгарбаевна

Тақырыбы: «Отбасы – тәрбие бастауы». Мақсаты: Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, ата-аналарды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу. Әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу. Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер,слайд. I. Кіріспе. 1. Психологиялық дайындық. Ата-аналар ортаға шығып шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Құрметті ата-аналар ортада жарқырап тұрған күннің сәулесі мен жылуын қабылдайық. Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қояйық. Күннің мейірім жылуы біздің бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейеді. Енді осы жылуды қолдарымызды ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық. Міне, көрдіңіздер ме, кішкене күннің мейірім жылуын біз бір-бірімізге беру арқылы үлкен жарық күн де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-бірімізді жылытып, бір-бірімізге мейірімді, сүйіспеншілікте болады. 2. Топқа бөлу. II. Негізгі бөлім. «Отбасы – тәрбие бастауы». 1.Кіріспе сөз -Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын дерлік жанұя мүшелері арасындағы ең жарасты, ең әділетті қарым-қатынастар күәсі болуы керек.Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы екенін көріп отырады, бірақ ол «мен ерекше екенмін» деген ойға келмейді. Өйткені ата-аналар, тек мұны ғана емес, өзара бірін-бірі қастерлейді. Әке баладан анасын сыйлауын талап етеді.Ал шешесі баласын әкесін құрметтеуге, оның немен, қалай қуантуға болатынын үйретуге тырысады. Жанұяда, міне, осындай заң дәстүрі бар. А.С.Макаренко ата-аналармен сұхбатында былай деген екен «Дұрыс тәрбие көп жағдайларда сіздердің сүйіспеншілік одақтарыңыздан туындай келе, ата-ана мейіріміне табиғи түрде орайласып сүйенеді, егер сіздер перзенттеріңіз ата-ананың мейірім шапағатынсыз-ақ тамаша адам болып өседі деп ойласаңыздар, онда қоғамға сөз жоқ, опасыздық жасаған боп шығасыздар, ата-анасының ыстық махаббатына бөленбеген жандар көбіне көп жарымжан жандар болып қалмақ». -Бала сіз үшін кім? (Ой қозғау) 2.Ойын. «Ата-ана мейірімі» Ата-аналар ақ параққа гүлдің суретін салады. Гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілікті жазады. 3.«Ата мұраң – асыл қазынаң». Аналарымызға қазақтың салт -дәстүрлері бойынша сұрақтар. 1. «Байғазы» салт -дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз. 2. Жеті атаны атап бер 1. «Көрімдік» салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз. 2. Үш алысты атап беріңіз. 1. «Бастаңғы» салтының мағынасын түсіндіріңіз. 2. Жеті қазынаны атап беріңіз. 1. «Иткөйлек» салтының мағынасын түсіндіріңіз. 2. Үш арсызды атап беріңіз. 4.Пікірталас яғни ситуациялық жағдаяттар 1-жағдаят.(анаға) Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз? 2-жағдаят (анаға) Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «Мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз? 3-жағдаят (анаға) Мектептен келген қызы мамасына: «Мама сізге бір қызық нәрсе айтайынба? Бүгін мектепте... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: Сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тұр, мазамды алмашы»- деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз? 4-жағдаят Мектептен келген балаңыз: «Мен ертең мектепке бармаймын, апай маған ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ? 5.«Ән шырқайық қосылып». Ана, достық, табиғат, туған жер туралы әндер III.Қорытынды. Жауап байланыс парағы: 1.Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе? 2.Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды, нені қосу керек еді? 3.Келесі де қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх