мен мұғаліммін. «Нағыз талант жалғыз қалса да, оны елінің ең ұлы қазынасы (ән, күй, жыр, өлең) өлтірмейді» Құрманғазы (күй), Біржан(ән), Абай (өлең)
Ғ.Мүсірепов
«Абай ойды жұртта қалған күйікке теңегенде жұпыны сөздің өзімен қандай әдемі сурет, күшті әсер, терең мағына беріп тұр»
Ғ.Мұстафин
Абай туралы бір сөйлем жазу үшін де, терең тыныстап ойға бойлап, кітап парақтап, күй тыңдап, оның ғаламатының өміршеңдігіне тағы бір таңданып, тағы бір мойындап, сыйынып алып жазу керек. Жас ұрпаққа қазақ тілінің құдіретінің күшін насихаттаймын деп жүрген мен де бұл эссені жазбастан бұрын көп толғандым. Қазақ әдебиетінің қос Ғабеңі атанған, алып жазушылардың сөздерін эссенің алғы сөзі етіп жаздым.
Шынымен, даралық та, дарын да, кез-келгеннің басына қонбайды. Дарынды болғасын еріксіз өзіндегіні өнердің бір туындысымен айналаға береді, дара болған соң, көпті бір өзі ойлап, жұрт көтермес ауыр жүкті кеудесіне сыйғызады.
Абай -ұлы тұлға,
Абай – феномен.
мен мұғаліммін. «Нағыз талант жалғыз қалса да, оны елінің ең ұлы қазынасы (ән, күй, жыр, өлең) өлтірмейді» Құрманғазы (күй), Біржан(ән), Абай (өлең)...