Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Аманкулова Айгуль Жаксылыковна

Учитель начальных классов

Казахстан КГУ СОШК №3

Материалов: 2 Просмотров: 359 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Аманкулова Айгуль Жаксылыковна

Бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сыныптардағы осы заманғы оку-тәрбие процесінің принциптерін, оған қойылатын талаптарды айкындамастан бұрын осы жас тобына жататын балалардың мұғалімі кандай болуы керек екенін анықтап алу қажет. Менін, ойымша, мұғалім қызметінде жандана түсетін оқушылармен жұмыс тәсілдері, принциптері, формалары егер ол солар арқылы өзінін. оқушыларға деген ізгі, мүдделі қарым-қатынасын жүргізбейтін болса, балалар ұжымында оптимизм, ынтымактастық пен жолдастық рухын орнатпайтын болса, әр оқушының өз күшіне деген сенімін ұштай алмайтын болса өздігінен жақсы да, тиімді де бола алмайды. Мүғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Өмірін осыған арнаған адамда өз шәкірттеріне дарытқысы келетін барлық қасиеттер болуы керек. Жаңа адамды тек жаңа адам ғана тәрбиелеуі тиіс. БІздін қоғамдағы мұғалім балаларды болашақ туралы арманмен жігерлендіру үшін, оларды алдағы мұраттарға қазірден үйрететін болашақтың адамы. Егер былай десем кателеспес едім деп ойлаймын: мүғалімнің өзі тұлға болуы тиіс немесе өнегелі адамды тек өнегелі адам ғана тәрбиелейді; оның өзі биік парасатты тек ізгі жан дүниесімен ғана балаға дарытуға болады; ол міндетті түрде жан-жакты сауатты және шығармашылықтың адамы болуы тиіс немесе танымға деген кұштарлык отымен өзі өртенген адам ғана құштарлык, отын тұтандыра алады; мұғалім патриот және ұлтжанды болуы керек немесе Отанға деген сүйіспеншілікті өз Отанын сүйетін адам ғана оята алады. Мұғалім балалармен сөйлескен кезінде жалған, арнайы лебіздерге, дөрекілікке, төзімсіздікке, ашу-ызаға жол бермеуі тиіс. Балаларға жиі-жиі дауыс көтеріп, өзін-өзі үстай білмейтін ұстаз оқушыларды; кішіпейілділікке, ізеттілікке үйрете алмайды. Бастауыш сынып балалары үшін ең биік бедел — ол мұғалім. Бастауыш сынып окушылары өздерінің ұстазына, олардың біліміне, талас тудыратын сүрақтарды шешу, әркімнің тәртібі мен табыстарын бағалау кезіндегі әділ-дігіне сенеді. Мұғалімнің біріншіден, балалар арасында өз беделін сактап, нығайтып, екіншіден, оны әр окушыны адам етіп калыптастыруға игі ықпал етуге пайдалану үшін оның маңызы өте зор. Балалардың өз мұғалімін жақсы көруі қажет пе? Әрине, кажет. Тәрбие ықпалы игі еркен жаюы үшін қажетті шарт. Сондықтан балалар мұғалімді өзінің жан дүниесін жаркырататын досы, тәлімгері, жетекшісі ретінде көруі үшін өзінің қалай ұстануы қақында ұстаздың ойланғаны жөн. Бастауыш сынып оқушысы кез келген білімді мұғалім арқылы кабылдайды. Ол оку мен ұстазды ажыратпайды. Егер бала мұғалімді жақсы көрсе, демек ол окуды да жақсы көреді, мектепті де, сабактарды да, кітаптарды да жаксы кереді, мұғалімді жақсы көрмей, одан қаймыкса, демек ол окуды азап көреді, киналады, мектепке кұлқы соқпайды. Жаксы көрген мұғалімінің пікірі, бағасы окушы үшін адамдарға, олардын кимыл — ісіне карым-қатынас жасаудың нұскасы болып табылады. Сүйікті ұстаз — оқушының өмірге карайтын мөлдір де таза әйнегі. Ол «әйнектің» өзін аңғармайды, бірақ таным терезесінен көрінетін заттар мен кұбылыстарға зор мей-лінше құштарлана таңырқай, мақтана қуана шұкшия қарайды, «неліктен?» «ал егер басқаша болса ше?» деген сиякты сансыз сұрактар кояды, күдігін, тұжырымын, ой корытындысын, көзкарасын, адамгершілік түсінігі мен позициясын айтады. Жақсы көретін мұғалімнің сабағы — мұның өзі таным кұштарлығына көкірек толтыра тыныс алу; ұстаздык тәлімгерлігін, адамгершілік — этикалық тәлімгерлігін, пікірлерін бала өзі орнықтыратын бірден-бір дұрыс позиция деп қабылдайды. Бірак, егер бала мұғалімді жек көрсе, одан қаймықса, онда ақикат терезесі баланың



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • 2 материала
Дамыта оқытудың тиімділігі

Начальные классы
Другие методич. материалы 04.04.2014 Просмотров: 271 Комментариев: 0

    Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.          «Даму»  ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі.          «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екін...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх