Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
5 месяцев назад

Аманкулова Баян Оралбаевна

учитель начальных классов

Казахстан Январцевская СОШ

Материалов: 1

Просмотров: 772

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Аманкулова Баян Оралбаевна

Ұстаз мамандығы үнемі өзгеріс пен жаңалықты талап етеді. Өйткені біз өмір сүріп отырған қоғам күн сайын жаңаруда. Мектебімнен осы курстан оқып келген әріптестерімнен өзгеріс пен жаңашылдықты аңғардым. Сол себепті мен де білімімді толықтырып, озық технологияларды меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеге қалай енгізудің жолдарын нақты бойыма сіңіргім келді. Курстағы мені таңғалдырған мәселе теория мен практиканы қатар ұштастыру күн сайын және әрбір сессияда жүріп отырады. Алынған білімдерімізді алдымен жеке ойланып, одан әрі жұпта, топта талқылай келіп, соңында әділ бағалаймыз. Пікірлер бойынша көптеген келіспеушіліктермен қоса, топ арасында ойлардың ұқсастығы кездесіп отырды. Барлық әдіс- тәсілдерімізді тек сыныпқа немесе оқушыға ғана бағыттайтынмын. Оқытудағы басқару және көшбасшылық модуліндегі идеяға сәйкес оқу қоғамдастығының бір бөлігі ретінде өзімді қойып, кәсібилікті дамытатын ұжымдық және кешенді тәсілдерді қолдануға тырыстым. Оқытуды басқару және көшбасшы болу үшін бірінші бетпе-бет кезеңінде оқыту технологиялары мен зерттеулерді оқып, тәжірибе кезінде зерттеулер жүргіздім. Жасалған жұмыстарымның сәтті немесе сәтсіз тұстарын бағалап, есеп жазу барысында өзгеріске әкелді. Сондай - ақ адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсететінін білетінмін. Бұл ойымның дәлелі ретінде тәжірибе кезеңінде тізбектелген сабақтарыма әріптестерімнің өз еріктерімен сұраныс білдіруі менің бойымнан өзгерістің аз да болса байқалғанының дәлелі деп ойлаймын.Көңілімде үнемі заман талабына сай көшбасшы оқушы қалыптастыру тұратын. Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады.( МАН 88 - бет.) Алғашқы қадам - әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысын жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан нәтиже болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады. Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің үшінші деңгейлі курсы болды. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс - әрекеттер жоспарланған. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтиды. Бағдарлама мазмұны нәтижеге бағытталған 7 модульді қамтиды: • Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Бұл модулден біз әсіресе диалогтық оқу мен қалай оқыту керектігі туралы әдіс-тәсілдермен стратегияларды, зерттеулерді танып білдік. Жаңа әдістердің маңызы мен қолдану аясын меңгердік. • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалаудың әр түрлі формалары мен бағалау түрлері туралы білдім. • Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану. Алдымен АКТ түрлерін және олардың бір-бірінен айырмашылығын туралы теориялық білім алдым. Пайдалану жолдары мен оқушыда сандық ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру арқылы оқытудың нәтижелі болатынына көз жеткіздім. • Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарынды баланы анықтау жолдарын түсіндім. Одан әрі дарындылықты дамытудың жолдарын нақты түсіндім. Сондай-ақ сабақта қолданудың маңыздылығы айтылған. • Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. Бұл модуль өзге модулдермен өте тығыз байланыста. Жеке бөліп алып қарауға болмайды. Оқытудың барлық үдерісінде және сабақтың барлық бөлімінде бірге жүреді. • Оқытуды басқару және көшбасшылық. Оқушылармен топтық жұмыс барысында көшбасшыны анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу, көшбасшылықты көре білу модулдің басты идеясы. Сондай - ақ мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары туралы білуге мүмкін болды. Орта мерзімді жоспарлау барысында 7 модулді мақсатқа сай дұрыс ықпалдастыруға тырыстым. Дәстүрлі сабақта дайын білімді балаға бере салатын едік, енді курс барысында өз бетімен білім алуға бағыт-бағдар беруші, жөн сілтеушіге айналдым.Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарымның нәтижелі болуына алдымен Блум таксономиясына сәйкес мақсаттарды нақты анықтағаным себеп болды. Сабақтарымда ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдандым. Заман талабына және техниканың қарыштап дамуына байланысты ақпарат құралдарын қолдану арқылы сауаттылық қалыптасады. Мұғалім оқушыларға ақпаратты бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға мүмкіндік беремін. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдау арқылы білімді тез есте сақтайды және қызығушылығы жоғары болады. Тәжірибе барысында оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды әрі сәтті қадам болды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызығушылықпен қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір - біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Өзара оқушылар бір - бірінің жұмысын талдап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою барысында оқушылар тығыз қарым - қатынасты нығайтты. Бағалауда оқушылар өз - өздерін, бір - бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгереді. Сабақта оқушылардың білімдерін бірлесе бағалау өте тиімді пайдалы. Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында рефлексия жасау болатын. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар өз өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. "2 жұлдыз, 1 ұсыныс" айту әдісі сынақ сабақтарында қиыншылық болды. Балалардың сөздік қорлары жетпей жатты. Алдымен постер қорғауға және интеллект картаға қойылатын критерийлерді бірге жасадық. Осыдан келіп бағалаудың жеңілдегенін және шынайы түрде жүре бастағанын сездім.

  • 1 материал

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх