Мен, Амирова Гулмаржан Қадирловна 1964 жылы 19 мамырда бұрынғы Гурьев облысы, Балықшы ауданындағы Еркінқала ауылында дүниеге келдім.
1971 жылы Еркінқала орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, оны 1981жылы бітіріп шықтым. 1982-1983 жылдары ПМК-36 «Гурьевоблколхозстрой» тресінде секретарь-машинистка болып қызмет атқардым. 1983 жылы Гурьев педагогика институтының ДВиНО факультетіне секретарь қызметіне қабылданып, оқуға түсуіме байланысты 1985 жылы бұл жұмыстан босатылдым. 1985-1990 жылдары Гурьев педагогика институтында оқып, осы институттың толық курсын «Бастауыш оқытудың педагогикасы, методикасы және ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 1990-1991 жылдары Маңғыстау облысы, Ералиев ауданындағы Ботагөз орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 1991 жылдан бастап Атырау қаласы, Геолог поселкесіндегі Сәтбаев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келемін