Мен, Қаражанова Маржан Қойлыбайқызы 1963 жылы 30 қыркүйекте Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында дүниеге келдім. 1980 жылы орта мектепті бітіріп,Орал педагогикалық учелищесінің бастауыш сынып мұғалімі бөліміне оқуға түсіп,1983 жылы бітіріп шықтым.Еңбек жолымды Тұщықұдық ауылындағы С.Жанғабылов атындағы орта мектепте бастадым. Шахта орта мектебінде 1993 жылдан бері еңбек етіп келемін.Білімімді жетілдіру мақсатында 2006 жылы Ш.Есенов атындағы университеттің педагогика және психология бөлімін бітірдім.Педагогтық қызметімде оқушыларға заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеуді басты назарда ұстадым.Сабақ-оқушы белсенділігін арттыратын жүйелі де ,қызықты болуы үшін үнемі ізденіп,тиімді болатындай әдіс-тәсілдерді игеруге тырыстым.Қызықты сабақтар мұғалімнің әдістемелік ізденісі,өзіндік қолтаңбасы,қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп,шәкірт жүрегінен орын алады.Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда әрбір сыныптың жас ерекшеліктеріне лайықтап, «Оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданып келемін.Бұл технология негізгі үш кезеңнен тұрады.1.Қызығушылықты ояту.2.Мағынаны тану.3.Ой-толғау кезеңі.Бұл технологияның ерекшелігі, әр кезең бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады.Қызығушылықты ояту кезеңі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастыру.Сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не білетінін айқындаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғау,ояту ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер етеді.Осы кезеңде «Топтау» әдісін қолданамын.Балалар бұл әдіске жұмыла қатысады.Топтау әдісі арқылы оқушылардың таным белсенділігі артады.Бағдарламаның екінші кезеңінде (мағынаны тану)оқушылар жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша тапсырмалар орындайды.Оқушының өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасалады.Тақырып туралы ой толғаныс кезеңі бағдарламаның үшінші кезеңінде жүзеге асады. «Венн» диаграммасын толтыру оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруға, сыни ойлауға мүмкіндік береді.Шығармашылықтарын арттыруда «Бес жолды өлең»,есте сақтау қабілеттерін жетілдіруде «Кубизм» әдісінің орны ерекше.Жаңа сабақты бекітуде де қолданған тиімді.БүБ әдісі оқушылардың өзін реттеуіне,білімдерін сараптауға тигізер әсері мол.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасымен бірге әр түрлі ойын элементтерінде жиі қолданамын. Осындай әдіс тәсілдердің нәтижесінде 2011 -2012 оқу жылында аудандық пәндік олимпиададан 4 сынып оқушылары Әбдірасейітов Ғалымжан математика пәні бойынша 2 орын,Ізімберген Ғаламин қазақ тілі бойынша 2- орын,Ағдал Жаңылсын дүниетану бойынша 3 -орынға ие болды.2012жылы ұйымдастырылған аудандық «Өз жүрегіммен» мәнерлеп оқу байқауында Ағдал Ж. өзіндік нақышымен дараланып 3- орын алды.Ал Исабай Мұратбек деген оқушым облыстық,аудандық сурет байқауларында арнайы дипломдармен марапатталса,2010 жылы аудандық «Әнші балапан» байқауында Шалқыбай Абзал «Ынталандыру» дипломымен марапатталды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген нақыл сөз мұғалім жұмысының «бағдаршамы» тәрізді.2012 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын тәмамдадым.Бұл Бағдарлама негізгі кіріктірілген жеті модульге байланысты қарастырыылған.Жеті модульді пайдаланудың кейбір элементтері біздің еліміздің білім беру әдістемесінде бұрыннан да бар.Бағдарламадағы ерекшелік,осы әдістерді кеңейтіп,толықтырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп,жұмыс барысында пайдалануда болып отыр.Әсіресе,мұнда диалогтік оқытуға ерекше мән берілген.Сабақ барысында оқушылар өзара және мұғаліммен бірнеше рет диалогтік қарым- қатынаста болуы керек.Сабақ үдерісінде диалогті орынды қолдана білу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету «ойлау туралы ойлауға» бағыттау екендігі айтылады.
Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Сабақ үдерісінде АКТ-ны пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды құрал болып табылады. Тақырып мазмұнына сәйкес бейнеүзіктер, қызықты ақпараттар оқушының ой-өрісін байытып,шығармашылығының артуына ықпал етеді. Өткен 1-сыныпта оқушылардың сөздік қоарының аздығы,оқу техникасының жетілмегендіктері кезінде осы бағдарламамен жұмыс істеуге тура келді.Бастапқыда біршама қиындықтар болғанмен балалар бірте-бірте үйрене бастады.Постер қорғауға,өз ойын еркін айтуға,пікірлерін дәлеледеп айтуға машықтанды,Топқа бөлінуді,ереже шығаруға атсалысты.Бұл сабақ үдерісіндегі ерекше өзгеріс болды.Бұрын өзіміз көбірек сөйлейтін болсақ,енді балаларды көбірек сөйлетіп,олардың ой-өрісінің,сана сезімінің дамуына барынша ықпал ететінімізді байқадым.13.02.2013жылы «Пәнаралық байланыс бағдарламаларының өзара үйлесімділігі» атты бастауыш сыныптар апталығында 1-сыныпта «Құстардың туған жерге оралуы» деген тақырыпта дүниетану сабағынан ашық сабақ өткіздім.Бұл сабағыма әріптестер өз ризашылықтарымен бірге мұндай әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін айтып жақсы пікірлерін білдірді. 27.11.2013жылы мектепішілік бастауыш сыныптар апталығында 2-сыныпта ана тілі пәнінен «Бөлімді қайталау» тақырыбында бағдарлама аясында ашық сабақ өткіздім.Сабақ барысында оқушылардың былтырғыға қарағанда біршама қалыптасып қалғандығы,өз ойын ашық айтуы,мәнерлеп оқу дағдылары мен дұрыс сөйлеуге талпыныстары,шығармашылық ізденістері әріптестерге үлгі боларлықтай болды.Былтырғы оқу жылында әріптесім Үсенбаева Гүлзипа екеуіміз Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математикалық мектепте «Бағдарлама идеяларын енгізудегі педагогтің іс-әрекетінде кездесетін қиындықтар» тақырыбында өткізілген семинарға қатысып,тәжірибе алмасып қайттық.Биылғы оқу жылындағы «Мұғалімнің шығармашылық ізденісі-сапалы оқытудың кілті» тақырыбындағы мектепішілік педагогикалық оқуда «Дарынды балаларды анықтау тәсілдері» бойынша презентация жасадым. 25.02.2014жылы «Кәсіби біліктілікті арттыруда белсенді оқытудың тиімділігі» тақырыбында өткізілген облыстық семинарда «Жаңа форматты сабақтың оқушы белсенділігін арттырудағы маңызы» тақырыбында шеберлік сынып өткіздім. Осы бағдарлама негізінде жұмыс жасайтын мұғалімдер сабақтарын көрсетіп тәжірибе алмасып отырады. 13.03.2014жылы өткізілген аудандық семинарда 4-сыныпқа қазақ тілі пәні бойынша «Жіктеу есімдігінің септелуі» тақырыбына десант сабақ өткіздім.Әріптестер «өте жақсы» сабақ деп бағалап,оқушылардың жаңа сабақты меңгеруде өз түсініктері бойынша игергеніне мән берді. Жалпы оқушыларды жаңа сабақты өз бетімен меңгеруге бағыттау үшін мұғалім көп ізденіп,сабақты дұрыс жүйелеу қажеттігін түсіндім.Сабақ кезінде әдіс-тәсілдерді орынды пайдалана білу маңызды екендігіне көз жеткіздім.Сабақ сайын постер қорғата беру де тиімсіз.Көбіне тарауды қорытындылауда қолданған қолайлы деп ойлаймын.Тәрбиелік іс-шараларды да жаңа бағдарлама бойынша өткізіп,модульге салуға жұмыстанып отырамыз.Бір жылдай уақыт өтсе де зерттейтін,зерделейтін жұмыстар көп.Бұл бағдарлама жүзеге асса,мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге де мүмкіндіктер болатыны сөзсіз деген ойдамын.