Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
12 дней назад

Асаубаева Куралай Болатовна

учитель казахского языка и литературы

Казахстан СШ №216 имени К.И.Сатбаева

Материалов: 5

Просмотров: 1844

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Асаубаева Куралай Болатовна

Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі Асаубаева Құралай Болатқызының 2014-2016 оқу жылында атқарған жұмыстары мен жетістіктері туралы е с е б і I. Оқушыларының жетістігі: 1. Жанқожа бабаның 240 жылдығына орай өткізілген аудандық шығармалар байқауында IX «В» сынып оқушысы Нұрқожа Досжан бас жүлдеге ие болып, Дипломмен марапатталды. 2. Дін туралы облыстық шыармалар байқауында IX «В» сынып оқушысы Оңдаш Нұрсұлтан І орын иеленіп,Дипломмен марапатталды. 3. Тұңғыш Президент күніне арналған Республикалық қашықтық сайысында өлең шығарудан IX «В» сынып оқушысы Амангелдина Ардақ сертификат алды және ІІ орын иеленіп,Дипломмен марапатталды. 4. Тұңғыш Президент күніне арналған Республикалық қашықтық сайысында эссе жазудан IX «В» сынып оқушысы Төрехан Нұрлыбек сертификат алды. 5. Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің 60 жылдығына орай өткен жас ақындар мүшәйрасына IX «В» сынып оқушысы Тілектес Назерке қатысты. 6. Аудандық кітапханада өткен С.Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасын талдауға арналған оқырмандар конференциясына IX «В» сынып оқушылары Нұрқожа Досжан,Тілектес Назерке,Рахат Аягөз қатысып,Алғыс хат алды. 7. Облыстық «Табиғат тынысы» газеті ұйымдастырған қашықтық сайысына өлең шығарудан IX «В» сынып оқушысы Жақсыгелді Ұлжан қатысып,Алғыс хат алды. 8. Қазақ тілі мен әдебиетінен өткен Республикалық қашықтық олимпиадасына (КИО) IX «В» сыныбынан 8 оқушы қатысып,сертификат алды. 9. Республикалық «Абай оқулары» ән-жыр байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша IX «В» сынып оқушысы Рахат Аягөз қатысып, ІІ орын иеленіп,Диплом алды. 10. Республикалық «Абай оқулары» ән-жыр байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша VIII «В» сынып оқушысы Амангелді Шыңғысхан қатысып,ІІІ орын иеленіп,Диплом алды. 11. Облыстық «Әлімсақ» журналы ұйымдастырған «З.Шүкіров оқулары» жас ақындар мүшәйрасында IX «В» сынып оқушысы Амангелдина Ардақ «Үкілі үміт» номинациясын иеленіп,Алғыс хатпен марапатталды және ұялы телефон сыйлыққа алды. 12. Дәл осы сайыста IX «В» сынып оқушысы Рахат Аягөз Алгыс хат алды. 13. Республикалық «Синергия» ғылыми –әдістемелік орталығы «Жеңістің 70 жылдығына» орай өткізген «Ұрпаққа жеткен естеліктер-2» атты жас ақындардың қашықтық байқауына IX «В» сынып оқушысы Амангелдина Ардақтың жіберген «Аманат» атты өлеңі І орын иеленіп, Диплом алды,өлеңі жинаққа енді. 14. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша өткен кітап оқушылар конференциясына белсене қатысқаны үшін 10-сынып оқушылары Амангелдина Ардақ пен Рахат Аягөз,9-сынып оқушысы Сайын Ботагөз, 11-сынып оқушысы Жақсыбай Жансая Алғыс хатпен марапатталды. 15. Облыстық «Ұстаз мәртебесі»(№9,2015 ж.) газетіне Амангелдина Ардақ пен Сахитжан Бекзатханның Тұңғыш Президент күніне орай Елбасыға арнап жазған өлеңдері жарияланды. 16. Облыстық Білім басқармасы ұымдастырған «Руханият және келісім мәдениеті-бірлігі жарасқан елдің кепілі» атты шығармалар сайысында 11-сынып оқушысы Сахитжан Бекзатхан жүлделі І орын иеленіп,Дипломмен марапатталды. 17.Аудандық Білім бөлімі мен «Арман» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен «Туған жерді жер жәннатына айналдырайық!» атты шығармалар байқауына қатысқан 11-сынып оқушысы Жақсыбай Жансая жүлделі ІІ орын иеленіп,арнайы сыйлықпен,Дипломмен марапатталды. 18. Республикалық Қазақстан Интернет Олимпиадасына(КИО) 5-сыныптан 10 оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен белсенді қатысып,сертификат иеленді,ІІ турға өтті. 19. Аудандық «Мұқағали оқулары» сайысының «Көркемсөз» бөлімі бойынша 5 б сынып оқушысы Тілектес Ақерке ІІ орын иеленді. 2014-2016 оқу жылында атқарған жұмыстары мен жетістіктері 1. Мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасында қазақ тілінен ІІІ орын алып,Дипломмен марапатталды. 2. Мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасында қазақ әдебиетінен І орын иеленіп,Дипломмен марапатталды. 3. Кент әкімінің 8 наурыз мерекесіне орай берген Алғыс хатымен марапатталды. 4. Облыстық спорттық сайыста стол теннисінен әйелдер арасында І орын, мылтық атудан әйелдер арасында ІІ орын иеленіп,арнайы сыйлықпен марапатталды. 5. Кент әкімдігі мен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Өнер сайысында Дипломмен марапатталды. 6. Республикалық «Абай оқулары» ән-жыр байқауында екі оқушысы жүлдегер атанғаны үшін жетекші ретінде Алғыс хатпен марапатталды. 7. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-әдістемелік виртуалды конференцияға қатысып,баяндамасы жинаққа жарияланды. 8. «Синергия» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Тілдерді оқытудағы жаңа әдістемелік көзқарас-2» атты білім беру саласының қызметкерлері арасында өтуізілген ІІ Халықаралық әдістемелік форумға қатысып,баяндама оқыды,Дипломмен марапатталды.Баяндамасы жинаққа енді. 9. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Жастар күніне орай «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын жүзеге асырудағы Жастар денсаулық орталығының рөлі: өзекті мәселелер» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып,баяндама қорғады.Сертификат пен Алғыс хат иеленді.Баяндамасы жинаққа енді. 10. Республикалық Қазақстан Интернет Олимпиадасына қазақ тілі пәні бойынша қатысып,ІІІ орын иеленіп,сертификат және Диплом алды. 11. Республикалық Қазақстан Интернет Олимпиадасына қазақ әдебиеті пәні бойынша қатысып,ІІ орын иеленіп,сертификат және Диплом алды.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх