Қарым-қатынастағы ұстаным
Мұғалім өз жұмысы барысында күнделікті оқушылармен, бірге жұмыс жасайтын әріптестерімен,ата-анамен әртүрлі қарым-қатынаста болады. Бастысы, әрине, өз негізгі қызметіне байланысты, ұстаздық етіп, үйретуші, білім, тәрбие-тәлім беруші, әріптестерге коучинг сабақта бағыт-бағдар беруші маман. Осы әрекеттерді орындауда табысқа жетуге жол ашатын бір ғылым туралы айтқым келеді. Ол-ынталандыру және шабыттандыру ғылымы. Оның басқаша аты-коучинг десек те болады. Бұл сөздің әлемде көп қолданылып, таралғаны сонша жүздеген анықтамасы бар. Қолданылу жағдайы мен шешілетін мәселесі алуан түрлі бол...