Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
5 месяцев назад

Ғатауова Асылзада Асылбекқызы

учитель самопазнание

Казахстан ЗКО. Казталовка ауданы Жалпақтал ауылы К. Мендалиев атындағы ЖОББМ

Материалов: 1

Просмотров: 2600

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Ғатауова Асылзада Асылбекқызы

1- Жүргізуші: - Армысыздар ардақты ұстаздар! 2- Жүргізуші: - Сәлеметсіздерме «Өзін- өзі тану» пәнінің мұғалімдері. Бүгінгі семинарға қош келдіңіздер! 1- Жүргізуші: - Ұстаз деген ұлағатты әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар, Ұстаз деген мектеп ана жүрегі, Ұрпақтардың білім бағы тірегі – деп, «Мен «Өзін – өзі тану» пәні мұғалімімін» атты әдеби сазды бағдарламамызды бастауға рұхсат етіңіздер! «Ұстазым» әні орындайтын хор. (хормен ән айтылады.) 2- Жүргізуші: - Өзін – өзі тану деген даңқ қой, Өзіңді – өзің тани алсаң алып ой. Айтшы досым, өзін – өзі тануды, Түсіндірші деп сұраған халық қой. 1- Жүргізуші: - Өзін – өзі тану – адам баласының өмірді, өзін сүйе отырып өзінің мүмкіндіктерін пайдалану. Өзін махаббатқа, адамгершілікке, сабырлыққа, аяушылыққа, достыққа, әділдікке, адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу деген сөз. 2- Жүргізуші: - Рас айтасың, Өзін – өзі тану өскелең ұрпақтың рухани – адамгершілік тұрғысынан кемелденуі, Адами жолдағы өмірлік асқарларға қол созып, қанат қағуы емес пе. 1- Жүргізуші: Осындай өмірлік жоғары мәні бар, мәртебелі де, ұлағатты пәнді еліміздің білім беру жүйесіне енгізіп, ұрпақ қамын ойлаған парасатты қамқоршысы бар біздің ұрпақ қандай бақытты. 2- Жүргізуші: - Жас ұрпақтың жанына Адамгершіліктің өшпес нұрын төккен осы пәннің Ұстазы болу қандай бақыт. 1- Жүргізуші: келесі кезекте: «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем әнмен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әндісүйсең менше сүй» - деп Абай атамыз айтқандай, кезекті әнге береміз. «Өміріңе немқұрайлы қарама» «Мен Ұстазбын!» өлеңі. Оқитын. Азаматқызы Ләззат 1- Енді денелерімізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. (Баяу әуен жібереміз) Тынныштық сәті: Өзімізді самғап ұшқан құс сияқты сезініп, қуанышқа бөленеміз.иЕнді бірде сіз таудан сарқырап, таумен тастың арасынан өзіңізге жол тауып келе жатырсыз. - Таудан құлай аққан су, арнасынан асқан өзенге айналып, шайдай жазық, кең далада, ағып барады. - Сіз сәбиді аялап, отырған ананың бақытын сезінесіз. - Буырханған теңіз төрінде өз кемесін алға қарай бастап бара жатқан капитанның қуанышын елестетіп көріңізші. - Сіз өзіңіздің күшіңізге ғана емес, адал ісіңізге сенесіз. Таяқтан тайсалмай, семсерден сескенбей, жеңдім деп шаттаныңыз. - Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен сіз үшін сынбайтын қамал жоқ. - Шаттық пен қуаныш, достық пен махаббат, бақыт пен жақсылық әлеміне екі аяғыңызды нық басып еніңізде былай деңіз. - Өмір, мені жалғандықтан шындыққа, қараңғыдан жарыққа жетеле. - Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін! - Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін! - Достық іспен қастыда жеңеріме сенемін! - Ақыл, сана, біліммен өнеріме сенемін! - Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін! - Абыройлы, ақ ниет, адамдыққа сенемін! - Жанарымда өшпейтін алау отқа сенемін! Өзімді – өзім сүйген соң махаббатқа сенемін!- деп көзімізді ашамыз. «Ең қасиетті жеміс» ертегісі. «Бауырсақ» ертегісі. 1- Жүргізуші: Қорытындылау: «Өзін – өзі тану» мұғалімі ең алдымен жүзі жылы, айналасындағыларға әрқашан мейірім шуағын шашып, балаларға жылы шыраймен, әдемі күлкімен әсер беретін ерекше тұлға. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқоршы, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл кеңес беретін ақылшы, сырлас бірге еңбек ететін сенімді дос, жүрек жылуын барша шәкірттеріне күннің құдіретті сәулесі тәрізді нұр болып құя білетін адам!

  • 1 материал
Сабақ жоспары 3 - сынып. Ризашылық пен алғыс 9 - сабақ.

Другое
Другие методич. материалы 06.11.2015 Просмотров: 2600 Комментариев: 0

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп: К. Мендалиев атындағы ОЖББМ Тақырып: 9 – сабақ. Ризашылық пен алғыс Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, достық Мұғалiм: Ғатауова Асылзада Асылбекқызы Класс: 3б Күні: Оқушылар саны: Сабақ мақсаты: Оқушылардың адамдармен жағымды қарым – қатынас жасау, айналасындағы адамдарға деген риясыз сүйіспеншілік құндылықтарын ашу; Міндеттері: - отбасы мүшелерін сыйлай білуге, бауырмалдылыққа үйрету; -айналасындағы адамдарғ...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх