Мен Ауелбаева Зайтуна Жеткіншекқызы 29.12.84 жылы Маңғыстау обылысы,Маңғыстау ауданы Қызан ауылында дүниеге келдім.2011ж 11 жылдық мектепті ойдағыдай аяқтап, Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік университетіне педагогика және психология мамандығы бойынша оқуға түстім. Университетті 2005 жылы аяқтадым. Аяқтай салысымен Ақтау қаласындағы № 17 ші орта мектепке педагог-психолог мамандығы бойынша жұмысқа орналастым. 2006 жылы жанұя жағдайма байланысты Маңғыстау ауданына қарасты Ақшымырау елді мекеніндегі Тобанияз орта мектебіне ауыстым. Тобанияз мектебінде 10 жылға жуық уақыт психолог қызметін атқардым. 2012- 2014 жылдар аралығында Атырау қаласындағы Х.Досмухамедов атындағы Университетті биология мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Себебі биология пәнінің мұғалімі болу менің бала күнгі арманым болатын.2013 жылдың наурыз айында Ақтау қаласындағы мұғалімдердің білімдерін жетілдіру институтында 3 айлық курсқа бардым.Бұл 3 айлық курстың маған берер жаңашылдығы өте көп болды. Курс кезінде жаңа әріптестермен таныстым.Жаңаша оқыту - менің өміріме жаңаша көзқарас қалыптастырды. Алғашқы кезде оқудың қиын жақтары басым болды. Жаңа термин сөздер, шет елдің ғалымдары, 7 модульді оқып түсіну бастапқыда қиындық туғызды. Бірақ ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда,-демекші тренеріміз Зәуре Сүндетқызының асқан шеберлігімен оқытуы арқылы, ұйымшыл жаңа әріптестер арқасында алынбайтын қамал қалмады. 3 ай көзді ашып жұмғанша өте шықты.2013 ші жылдың маусым айында сертификатқа ие болдық.Сертификатқа ие болысымен Тобанияз мектебіндегі қызметімді биология пәнінің мұғалімі болып жалғастырдым. Арине алғашқы кезде жаңаша тәсілмен оқыту қиынға соқты.Себебі дәстүрлі сабақ бойынша білім алып қалған оқушыларға бұл әдіс қиындау болды.Топтық жұмыс кезінде алғашқыда сыныптың іші шуға ұласқан сәттерде болды. Бірақ бірте-бірте бұл қиындық та артта қалды. Оқушылар бірте-бірте бұл жаңаша оқытуға қызығып та кетті. Сыныпта үндемейтін тұйық оқушылар бірте-бірте ашыла бастады.
Олар бірін-бірі тыңдай білуге, сыйлай білуге үйрене бастады. 2015 ші жылдың қыркүйек айында жанұя жағдайыма байланысты Ақтау қаласына көшіп келіп, № 13 ші Гимназияға биология пәнінің мұғалімі болып орналастым. Оқу жылы басталысымен мектепішілік «Критериалды бағалау» тақырыбында семинар өтті. Сол семинарда 6- сыныпқа «Тамыр бөлімдері» деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім. Сабағыма өзге мектептерден келген мұғалімдер қатысты.Сабақ өте сәтті шықты.
Мен Ауелбаева Зайтуна Жеткіншекқызы 29.12.84 жылы Маңғыстау обылысы,Маңғыстау ауданы Қызан ауылында дүниеге келдім.2011ж 11 жылдық мектепті ойдағыдай аяқтап, Ақтау қаласындағы Ш.Ес...