ӘУКЕНОВА Әсемгүл Рақымжанқызы
11 мамыр 1976 жылы Павлодар облысы, Май ауданы Малайсары аулында туған. Білімі жоғары. 2003 жылы Павлодар университетін тарих және география мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірген. Бірінші санатты география тарих пәнінің мұғалімі. Жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. Өз пәнінің білікті маманы, шығармашылық деңгейде жұмыс істейтін ізеніпмаз мұғалім.
10 сыныпқа арналған «Елтану» бағдарламасының, 6 сыныпқа «Физикалық географиядан бақылау мен практикалық жұмыстар», 9-11 сыныптарға арналған «Практикалық жұмыстар жинағы», «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша географиядан сабақ жоспарлары» әдістемелік жинақтарының авторы. «ХХІ ғасырдағы педагогикалық қызметтің инновациясы» атты Облыстық ғылыми практикалық конференциясында «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту» атты баяндама жасады. Оқушысы аудандық пән олимпиадасының ІІІ орын, Ертіс Дарыны» АҒТО шағын –олимпиадасының ІІІ орын, облыстық интеллектуалдық марафонның ІІ-ІІІ орынға иегерлері.
«Ертіс Дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының Алғыс хатымен аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, май ауданы әкімнің Құрмет грамотасымен марапатталған. Тұрмыста, үш ұлдың анасы.