Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Аязбекова Зауреш Каримовна

учитель

Казахстан Ундрусская средняя школа

Материалов: 5 Просмотров: 764 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Классное руководство
Инфоурок / Сайты учителей / Аязбекова Зауреш Каримовна

Мен, Аязбекова Зауреш Каримовна, 1978 жылы 24 желтоқсанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданына қараасты Жұмысшы ауылында дүниеге келдім. Біздің ауылда 9 жылдық мектеп қана болғандықтан, 11 жылдық мектепті көрші Өндіріс ауылындағы Өндіріс орта мектебінде жақсы оқып аяқтап шықтым. 1995 жылы бағым жанып, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік оқу орнының студенті атандым. Осы аталған оқу орнын 1999 жылы «жақсы» деген бағамен аяқтап шықтым. Алғашқы ұстаздық жолымды Аққұдық орта мектебінен бастадым. Аққұдық орта мектебінде көптеген ұлағатты ұстаздардан үлгі алдым. Отбасылық жағдайыма байланысты өзімнің 11 жыл білім алған мектебіме қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде қызметке орналастым. Білімім жоғары. Бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімімін. Осы мұғалімдік салада он алты жылға жуық қызмет атқарып қалыппын. Осы жылдар аралығында мектепішілік марапаттаулармен бірге аудандық марапаттауларға ие болдым. Атап айтсам, 2006 жылы аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталдым. 2007 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. 2007 жылы облыс әкімінің ақшалай грантын иелендім. 2011 жылы аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталдым. 2010 жылы «Менің шығармашылымдағы ұлы тұлға шығармашылығы» С.Мұқановқа арналған шығармалар сайысына қатынасып, мақтау қағазымен марапатталдым. 2005 жылы тамыздық конференцияда «Мектептегі тәрбие» туралы баяндама оқыдым. Баяндама өте жақсы деп бағаланды. «Қазақ тілі тірегім, әдебиет - жүрегім» әдістемелік құралым бар. Жыл сайын аудандық тамыздық конференцияларда арнайы семинарларға белсене қатысып, өз тәжірибемен жас мұғалімдермен бөлісемін. Ауданда болып жатқан әр түрлі шараларға белсене қатынасуға құшынып тұрамын. Осы он алты жылдың ішінде неше түрлі қызық оқиғалар, әр алуан қылығымен тәнті еткен оқушылавр саны қаншама десеңші ай. Аудандық шараларға да менің оқушыларым өте жақсы белсене қатынасады. Мектепте өтетін іс шараларға да оқушыларым өте жақсы ат салысады. Оқушылардың арасында жүлдегер иегерлері де баршылық. Әр жыл сайын оқушыларым аудандық пәндік олимпиадаларынан жүлделі орындарға ие болады. Сонымен қатар, аудандық мәнерлеп оқуларынан да қалыс қалмаймыз, қатынасып тұрамыз. Атап айтасм, «Абай» оқуларынан әр жыл сайын оқушыларым ГРАН-ПРИ, І,ІІ,ІІІ орындарға ие болады. Сол сияқты «Махамбет» пен «Мағжан» оқуларынан да І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарға ие болып жүр. Облыстық «Абай» оқуларынан бір оқушым жүлделі ІІІ оынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды. Сол сияқты облыстық «Мағжан» оқуларына да бір оқушым қатынасып, арнайы сертификатпен марапатталды. Әр жыл сайын оқушыларым аудандық пәндік олимпиадаларынан жүлделі орындарға ие болады. Бірыңғай ұлттық тестілеуден де оқушыларым жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Бұл - мен үшін үлкен мерей. Менің түйіндес мәселем: Жаңа технологияларды сабақ барысында қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру. 5-6, 9-11сыныптарына сабақ беремін. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың жаңаша әдістерінің бірі - электронды оқыту жүйесіндегі ақпараттарды өңдеп сабақтарда кеңінен қолданамын. Сабақты көбінесе топтық, ұжымдық жұмыс түрлерінде ұйымдастырамын. Жұмыстың бұл түрлері оқушыларды бірлесіп жұмыс істей білуге, жауапкершілікке, ынтымақ бірлікке тәрбиелейді. Сабақ барысында оқушыға берілген білімді жинақтау, тиянақтау мақсатымен сабақ соңында шолу әдістерін енгізу оқушының сол сабақтан алған білім деңгейін байқаумен қатар, олардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын арттыруда тиімді әдіс екендігі анықталды. Тіл мен әдебиет сабақтарында оқытудың жаңа әдіс тәсілдері сабақ түсіндіру, жаңа сабақты бекіту, оқушының ойлау қабілетін дамыту және уақытты тиімді пайдалану кездерінде жақсы нәтиже береді. Білім меңгертумен қатар оқушыларды, ғылыми тақырыптарға, ақын жазушылардың өмірлері бойынша рефераттар жазып, баяндамалар жасауға үйрету оларды шығармашылыққа, ғылыми әдебиеттермен, оқулықпен жұмыс істей білуге және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар, түйінді мәселелерді шеше білуге, зерттеушілік жұмыстарымен, ғылыми жұмыстармен айналысуға тәрбиелеу.

  • 5 материалов
"Үш бәйтерек" тақырыбына арналған сыныптан тыс іс-шара

Классному руководителю
Другие методич. материалы 23.12.2014 Комментариев: 0

Сабақтың тақырыбы: Үш бәйтерек. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Сәкен, Бейімбет, Ілияс сияқты ақын жазушыларымыздың өмірінен деректер бере отырып, шығармашылықтарымен таныстыру.Оқушыларымызды поззияға баулу, көркем сөз өнерінің құдіретін таныта отырып, ақын- жазушыларымыздың шығармаларынан нәр алдыру. Адамгершілдікке, отаншылдыққа, елдің қамын ойлайтын нағыз ұлт жанды азамат етіп тәрбиелеу. - Біз, қазақ халқы, талай-талай қиын заман, нәубат өмірді бастан кештік. Сондай қиын тарихымыздың бірі, тар...

Қазақ тілі пәнінен "Тіл- халық мәдениетінің айнасы" тақырыбы

Классному руководителю
Другие методич. материалы 23.12.2014 Комментариев: 0

Лексикалық тақырып: Тіл-халық мәдениетінің айнасы Грамматикалық тақырып: Етістіктен өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты ретінде: 1. Етістіктен алған білімдерін нығайту, оқыған материалдарынан қажетті мәліметті өзара меңгеруге дайындық жүргізу. 2. Тіл-халық мәдениетінің айнасы яғни, өз тілімізді құрметтеу, қастерлеу, тіл байлығын дамыту. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу. 3. Тәуелсіз туған елін, ж...

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты сыныптан тыс іс-шара

Классному руководителю
Другие методич. материалы 23.12.2014 Комментариев: 0

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін артттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғыры мықты болуына негізі болған мақал- мәтелдерді, жұмбақтарды оқып үйрету. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу. Барысы: Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Оқушылар, біз бүгін Тіл- халықтың рухы атты айлық бойынша өткізіл...

Сыныптан тыс іс-шара "Менің Қазақстаным "

Классному руководителю
Другие методич. материалы 23.12.2014 Комментариев: 0

Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, слайд, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақстан тәуелсіз мемл...

Қазақ тілінен "Біріккен сөздер" тақырыбы

Классному руководителю
Другие методич. материалы 23.12.2014 Комментариев: 0

Сабақтың тақырыбын Біріккен сөздер деп алдым. Мақсатым: 1. Біріккен сөздер тақырыбын ашу. 2. Жаттығулар арқылы біріккен түбірді ажырата білуге үйрету. 3. Сауатты жазуға және тез ойлап пайымдауға, шығармашылыққа бейімдеп тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: анализ -синтез, сұрақ жауап, баяндау. Қос сөздер тақырыбының мән мағынасын сұрап, сөздіктерін тексеру. Жазып келген сөйлемдерін тексердім. Жаңа сабақты мысалдан бастап түсіндірдім. Балалар саңырауқұлақ теріп әкелді. ә) Ер...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх