Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Айтмагамбетова Адеми Алиповна

учитель физики

Казахстан СШ №29, г.Актобе

Материалов: 5 Просмотров: 4131 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Айтмагамбетова Адеми Алиповна

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деп Ахмет Байтұрсынов бабамыз айтқандай жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Айтмағанбетова Әдемі Әліпқызы №29 орта мектебінің жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Мінездеме • Облыстық білім департаментінің Алғыс хат,2007 ж. • «Облыстың ең үздік мұғалімі» Облыс әкімінің грант иегері,2009 ж • Облыстық білім департаментінің және АПУ ұйымдастыруымен «Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану» үздік сабақ конкурсы І орын,2010 ж. • ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Алғыс хат, 2010 ж. • АОКБА және ҚДИ Алғыс хат,2010 ж. • «ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛҒМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК,Алғыс хат 2013 ж. • Облыстық пед.олимпиада Диплом ІІІ дәрежелі,2013 ж. • ҚРБ және ҒМ,Қазақ технология және бизнес университеті,ХІV Республикалық ғылыми-практикалық конференция баяндама жасап,ІІ дәрежелі Диплом,2014 ж. • ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың І-ші деңгейлі бағдарламасы,Сертификат ,2014 ж. Шығармашылық жетістіктері: • «Физика және астрономия» оқу-әдістемелік құрал,7-класс • «Физика және астрономия» оқу-әдістемелік құрал,8-класс • «Физика пәнінен есептер жинағы,шешуімен»әдістемелік құрал, 9-класс

  • 5 материалов
Коучинг "Физика сабағында Кембридж тәсілдерінің тиімділігі"

Физика
Презентации 20.01.2015 Просмотров: 378 Комментариев: 0

Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Осыған орай ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына қатыстырып, білім берудегі Кембридж тәсілі бойынша Бағдарламаны меңгертуде. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген...

Орта мерзімді жоспар "Кинематика.Динамика тараулары бойынша" (9-класс)

Физика
Другие методич. материалы 20.01.2015 Просмотров: 1086 Комментариев: 0

Кинематика негіздері тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы Жалпы мақсаты: кинематика негіздері туралы білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді,материалдық нүкте,орын ауыстыру,лездік жылдамдық,үдеу,санақ жүйесі ұғымдарымен танысады; кинематиканың негізі формулаларын қорытып шығарады; осы формулаларды пайдаланып есептер шығару дағдысын қалыптастырады, білім беруде жаңа тәсілдер арқылы оқушыларды қалай оқуға үйрете отырып топтық жұмысқа белсенді қатынасады, АКТ ақпаратын қолдана біледі, сыни ...

Презентация тақырыбы "Изопроцестер" (10-класс)

Физика
Презентации 20.01.2015 Просмотров: 1385 Комментариев: 0

Термодинамикалық процесс деп қарастырылатын термодинамикалық жүйенің параметрлерінің өзгеруімен сипатталатын жүйенің күйінің өзгеруін айтады. Берілген жағдайда атомдарының арасындағы өзара әсерлесу күші елеусіз аз болатын газды идеал газ деп атайды. Қалыпты жағдайдағы газдарды идеал газ деп есептеуге болады. Термодинамикалық параметрлер арасындағы байланысты анықтайтын теңдеуді күй теңдеуі деп атайды. . 1. Изотермиялық процесс: Тұрақты температурада өтетін процесс изотермиялық процесс деп ат...

Презентация тақырыбы "Маятник" (9-класс)

Физика
Презентации 20.01.2015 Просмотров: 969 Комментариев: 0

Математикалық маятник бұл созылмайтын, салмақсыз жіпке ілінген, тербеліс денесі материалық нүкте болып табылатын, маятниктің физикалық үлгісі. Егер мына үш шарт орындалса: 1) жүктің өлшемі жіптің ұзындығынан әлдеқайда кіші; 2) жіптің массасы жүктің массасы жүктің массасына әлдеқайда жеңіл; 3) жүктің әсерінен жіптің ұзаруы өте аз болғандықтан, оны ескермеуге болатын жіпке ілінген кез келген жүк математикалық маятник үлгісі бола алады. Математикалық маятниктің периоды: T=2 формуласымен анықтала...

Газ заңдары, 7 - класс

Физика
Презентации 20.01.2015 Просмотров: 317 Комментариев: 0

Газ заңдары тақырыбындағы сабақ жоспарына арналған презентация. қазақ тілінде оқытылатын кластарға арналған. I. Сабақтың тақырыбы: Газ заңдары Сабақтың білімділік мақсаты: Үш параметрдің(Р, V, Т) біреуі тұрақты болып, қалған екі параметрінің арасындағы байланысты анықтайтын заңдарды тұжырымдау. Изопроцестер туралы мағұлмат беру. Дамытушылық мақсаты: Газ заңдарының өзара байланысын түсіне білуге, формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік мәні: Пән...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх