Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Адамның генетикалық денсаулығына қоршаған ортаның әсері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: өз біліміне қорытынды жасау, іздену, талдау, жеке, топпен, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Қоршаған ортаны қорғауға ұйымшылдыққа, белсенділікке,жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
Пәнаралық байланысы: Экология,медицина.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,суреттер,сызбанұсалар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
Сәлемдесу,түгендеу,сыныпты топқа бөлу
/сыныптағы оқушыларды жүрекше,жапырақша, жұлдызшалардың суреті арқылы топқа бөлем/
2.Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл»
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Бекіту тапсырмалары
5..Қорытынды
6.Үйге тапсырма