Мен Айжарикова Клара Болатовна Қаракөл орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінен сабақ беремін. Мен бұл пәннен сабақ бергеніме алты жыл болды. Бұл өзін-өзі тану пәні оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа үйретеді. Адамның ең жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарын бойларына сіңіру жас ұрпақ үшін ең керекті қасиеттердің бірі. өмір қағидалары негізінде тәлім-тәрбие беретін, оларды салауатты өмір салтына бастайтын игіліктерге баулитын тәсілдің жиынтығы ретінде "Өзін-өзі тану" сабағының орны айрықша екендігі даусытықз. Олай болса, адами ізгі қасиеттерді, үлгі-өнеге, айналаға деген ыстық ықылас пен өмірге деген құлшыныс, іңкәр сезім, өмірлік құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру біздің міндетіміз. Осы пәндегі мейірімділік ана жүрегінен тарайды. Мейірім төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге үйренеді. Есейе келе толағай мейірімділікті айналасынан көреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты. Қазіргі қоғам жан-жақты үйлесімді жетіліп жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Азамат-адамгершілік қасиеті бар, саналы адам. Қазақ елінде адамгершілігі мол, өз халқының қамын жеген адамдарды азамат деген. Халық азаматтарға үлкен сенім артады, оған құрметпен қарайды.Адамның азаматтығы қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуінен, алдына саналы мақсат қоя білуі мен қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуінен көрінеді. «Азаматтық тұлға» ұғымы- «азамат», «адамгершілік», «кісілік», «саналылық» ұғымдарымен тығыз байланысты.Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы азаматтық тұлға қалыптастыру. «Оқушы толтыратын құты емес, жағатын алау»-демекші, біз әр жеке тұлғаны жарқыратып көрсете білуіміз керек, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасауымыз қажет. Ол үшін: әділдік, жанашырлық, өз ісіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарау сияқты қасиеттерді бойларына сіңіруіміз қажет. Заман талабына сай жеке тұлға:зиялы тұлға, рухани бай тұлға, шығармашыл тұлға, азаматтық тұлға, ізгілікті тұлға, еркін тұлға, бәсекелестік түлға қалыптастырамыз деп айта аламын. Сөз соңын «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» деген Қаныш Сәтбаевтың сөзімен аяқтағым келеді.