Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 дня назад

Ажбаева Мнира Лазаровна

Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі

Казахстан Жалпы орта білім беретін Шипов мектебі

Материалов: 2 Просмотров: 132 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Ажбаева Мнира Лазаровна

Аттестацияланушы мұғалімнің жұмысы туралы пікір Ажбаева Мнира Лазаровна - оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдіс-тәсілін шебер пайдаланып, оқушыларға терең білім беріп жүрген, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаздардың бірі. Ұстаз мақсаты – жаңа технология әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, сауаттылыққа, белсенділікке үйрету. Ажбаева Мнира Лазаровна сабақтың дәстүрлі емес: дәріс, семинар, лекция, жарыс, саяхат, кіріккен, компьютерлік сабақ түрлерін пайдаланып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, пәнге деген қызығушылығын арттыруда үлкен еңбек етіп, жас мамандарға үлгі болуда. Ұстаз – оқушыға білім бере отырып, балалардың досы, ақылшысы, рухани жетекшісі болуы тиіс. Мнира Лазаровна осы мақсаттарға жету барысында жан-жақты ізденіп, әр сабағына ұқыпты дайындалады. Оған 7-сыныптағы Ж. Аймауытовтың «Әнші»өлеңіне, 8-сыныптағы Т.Ахтановтың «Күй аңызы», 10-сыныптғы А.Құнанбаевтың «Алтыншы, он тоғызыншы қара сөздеріне» өткізген сабақтары, Қазақстан тілдері күніне арналған «Сөз мерген» интеллектуалдық сайысы, А. Құнанбаевтың 170 жылдығына орай өткізген «Абай – дана, Абай – дара қазақта»сыныптан тыс шаралары дәлел бола алады. Сондай-ақ ұстаздың 7-сыныпта С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» тақырыбындағы сабағы халықаралық «мультиурок» сайтына 2016 жылғы (анықтама берілген), мектебіміздің медбикесіне арнап жазған «Жанаттай жандар көп болғай» атты мақаласы аудандық «Екпін» газетіне (29.01.2016.) жарияланды. Сабақтан тыс «Махамбеттану» (10-сынып) қолданбалы курсын жүргізе отырып, Махамбет поэзиясының сыры неде екенін сезіндіруге, ақын туындылары арқылы шындықты, өрлік пен ерлікті қатар қойған Махамбет бейнесін жас буынның жүрегіне ұялатуда. 8- сыныпта «Мәнерлеп оқу »арнаулы курсын жүргізе отырып оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеуде. Мнира Лазаровна педагогикалық кеңесте «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқып, пікір алмасты. Ұстаз өз білімін жетілдіру барысында 2010 жылы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдары» курсынан өтті. Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған “Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан Ойлауды Дамыту” семинарына қатысып оқытудың жаңа технологиясын меңгерді. «12 жылдық білім беру жағдайында «Өзін –өзі тану» пәнін өткізудің мазмұны мен ерекшелігі» бағдарламасы бойынша семинарға қатысты. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген өмірлік қағиданы берік ұстанған ұстаз еңбегі нәтижесіз емес. Мәселен, Бисембеева Әсел (2013ж.) аудандық «Қазақстан жануарларын қорғайық!» байқауында поэзия секциясы бойынша номинация, Аяпбергенова Гүлназ (2015ж.) аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасында жүлделі ІІІ орын, Сучкова Валерия аудандық «Мен – қазақстандықпын!» шығармалар байқауында ІІ орын, облыстық кезеңінде «Зерделі оқушы» номинациясын иеленді. Қарапайым әрі білімді де білікті ұстаз – бүгінде адал еңбегінің жемісін көріп отырған аяулы ана, қадірлі әріптес


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • 2 материала

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх