Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Ажикова Бибигул Базарбаевна

учитель казахского языка и литертуры

Казахстан Красноярская СОШ

Материалов: 1 Просмотров: 514 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Ажикова Бибигул Базарбаевна

Мен,Ажикова Бибігүл Базарбайқызы,1970 жылы 7 ақпанда бұрынғы Орал облысы,Тайпақ ауданы,Котельный ауылында дү-ниеге келдім. 1977 жылы Калмыков орта мектебіне бірінші сыныпқа оқуға бардым.Сол мектепте он жыл бойы оқып,1987 жылы аяқтадым. 1987 жылы Орал қаласындағы «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтқа түсіп, сол институттың филология факультетінде мерзімді бес жыл оқып, 1992 жылдың 26 маусымында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алып шықтым. 1992 жылы тамыз айынан бастап ,осы уақытқа дейін қазіргі Батыс Қазақстан облысы,Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылының Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеймін. Мұғалімдік қызметімде пәнім бойынша 5-11-сыныптар аралығындағы оқушыларға сабақ бердім.Сынып жетекшісі болдым. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинетін, «Өзін-өзі тану» кабинетін жабдықтадым. Проблемалық тақырыптарым бойынша еңбек етуде оқушы бойында халқының салт дәстүрін құрметтеу ,туған тілді қадір-леу,ақындар мен жазушылардың шығармалары арқылы жаңа за-манның елжанды азаматы болуға үлесімді қостым. Қазақ тілінің танымдылығын арттыруда оқу бағдарламасының сұраныма сай жұмыстанудамын. Оқушыларым ауылдық,аудандық білім бәсекелерінде жүлделі орындардан көрінді. Білімімді көтеру мақсатында Облыстық ПКБА және ҚДИ курс-тары мен республикалық деңгейдегі қазақ төл технологиясының авторы ғалым -ұстаз Н.А.Ораахынованың «Сатылай кешенді тал-дау» курсында білімімді жетілдірдім. Сонымен қатар оқушыларды АКТ арқылы білім берудің сапа-сын арттыру үшін -2007 жылдың 8 маусымында «ЭЕ және ЕМ операторы» куәлігін; -2008 жылдың 28-31 қазан аралығында ЦПТИО сертификатын; -2012 жылдың 1-3 ақпан аралығында «Болашақ үшін оқыту» бағ-дарламасының куәлігін алдым. -2010 жылдың 9-14 тамызы аралығында облыстық ПКБА және ҚДИ «Өзін-өзі» тану пәні бойынша курстан өтіп,сертификат алдым. Ізденіс-жүзеге асыру-шығармашылық бағытында аудандық қа-зақ тілі мен әдебиеті семинарларында сабақ көрсету арқылы әріп-тестер арасында танылдым. Аудандық,облыстық тамыз мәслихаты-нда баяндама оқыдым. Біліктілігімді таныту барысында облыс көлемінде -«Сөз таптарын кешенді талдау» әдістемелік құрал (Орал,2009), -2011 жыл Орал қаласының №34 мектебінде өткен «Н.А.Оразахынованың әдістемесі бойынша сатылай кешенді тал-даудың түрлері» семинар-практикумда «Сатылай кешенді талдау бойынша оқушыларды ҰБТ-ке дайындау жолдары» тақырыбында баяндама; -2012 жылы Астана қаласында өткен «СКТ технология-сы-әлемдік білім беру аясына ену мүмкіндігі» атты республикалық форумға қатыстым. -Осында көрмеге «Сөз таптарын кешенді талдау» әдістемелік құрал (Орал,2009) атты оқушылардың лабораториялық жинағы қойылды. Нәтижеге бағытталған жұмысымда өткен жылдарда қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында М.Төленова 2-орын,А.Абишев 1-орын,А.Есқайырова 2- орын иеленді. Ауданда өткен Мұқағали өлеңдерінен өткен сайыста Д.Қоспаева 3-орын алды. Қазір бұл шәкірттерім ЖОО бітіріп,еңбекке араласуда. М.Төленова –Тайпақ мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. «Зерде» интеллектуалдық марафоны Т.Өтепова,Н.Асқаров 2-орын (2008ж), «Ақбота» марафоны А.Өтепберген 1-орын(2010), «Ақбота» марафоны Т.Өтепова,С.Жұмашева,Ж.Құрман 3 орын (2012ж),Абай оқуларында ән номинациясы бойынша А.Ерғалиева 3-орын (2012ж),Махамбет оқулары Ә.Аманжолова 2-орын (2012ж) иеленді. Еңбек еткен жылдарымда : -Облыстық ПКБА және ҚДИ дипломы,2002 жылы; -АББ Мақтау қағазы; -1999 жылы Тайпақ ауылдық округінің Алғыс хаты, -2008 жылы;Мектеп директорының Алғыс хаты, -2010 жылы; ОББ «Құрмет Грамотасы,2009 жылы; -ҚР КҒА-ның «Мақтау қағазы (Алматы -2012); -2012 жылы; «Білім технологиялары»жұрналының Алғыс хаты, 2012 жылы (Алматы -2012).

  • 1 материал
Ш. Мұртаза "Ай мен Айша" шығармасы бойынша көрініс

Начальные классы
Другие методич. материалы 21.03.2015 Просмотров: 515 Комментариев: 0

Жолашар -Сен қайдан келдің?-дегенде бір данышпан: -Мен балалықтың елінен келдім,-деген екен. Ересектерде сол балалық елінен келмеген ешкім жоқ.анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды. Мен де солардың бірімін. Анамның аты-Айша еді. Парижде болдым-Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым-Мысыр түсіме кірмеді. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста,Чикагода,нью-Иоркте болдым-олар түсіме кірмеді. Түсімде ылғи балалық шақты көремін. Түсіме ылғи айша кіреді. Түсіме ылғи туған жерім,ауылым кіреді. Сол соғыс уақыты...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх