Аты –жөні Бактигереева Жанар Мендихановна
Оқу немесе жұмыс орны, лауазымы Б. Бегалиев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Оқыту мен оқудағы жаңашылдық.
Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты- өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау. Ықпалдасуға бағдарланған іс-әрекеттердің бірі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлі бағдарламалары аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру шарасы. Облысымыздың әр ауданынан келген 60 мұғалім бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша курстан өтудеміз. Бірінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер оқу көшбасшылары деп саналады. Курс мақсаты: Оқыту мен оқудағы жаңашылдықты мектеп тәжірибесіне енгізе отырып, оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау. Қазіргі уақытта Бірінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларының бірі ретінде мен «Бетпе - бет» кезеңінің екінші «Мектептегі тәжірибе» кезеңінен өтудемін. Бірінші деңгей бағдарламасының сертификатын алған мектеп директоры, мектептің көшбасшы Гүлфара Өтемісқызының қолдауымен мектеп әкімшілігі және үшінші деңгей бойынша оқып келген мұғалімдер: Н. Хамзаева, Г. Жанханова, Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушысы Н. Мадиевалармен біріге отырып, ынталы топ құрылды. Ынталы топ мектептің бастапқы ахуалын, мектептің даму фокусын анықтау үшін топ мүшелерімен біріге отырып, мектептің даму бағдарламасына SMART мақсат қою арқылы түрлі жоспарлы жұмыстар жүргізу үстінде. Үшінші деңгей бойынша оқып келген мұғалімдер мектептің оқу мен тәрбие үдерісіне жеті модульді енгізу мақсатында, семинарлар мен сабақтар өкізуде. Желілік кәсіби қоғамдастықтың жұмыс жоспары бойынша көшбасшы ретінде мен әріптестерім Гүлден Хисамеденова мен Ғалия Жұмановаларға тәлімгерлік бағыт- бағдар бере отырып, Lesson Study- зерттеу сабақтарын өткізу жолдарын үйрету арқылы оқыту мен оқудағы жаңашылдықты өз іс- тәжірибелеріне енгізуге жол ашуға мүмкіндік алды. Оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету мақсатында «Көшбасшылық» тақырыбындағы коучингте оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген әлемдік тәжірибелер туралы ақпараттар бойынша пікір алмасулар ұйымдастырылды. Оқыту мен оқудағы жаңашылдық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлі бағдарламаларынан бастау алатындығына және курс тыңдаушыларының бұл жаңашылдықты мектеп тәжірибесіне толыққанды енгізетіндіктеріне сенімдімін.
Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша курс тыңдаушысы:
Б.Бегалиев атындағы орта мектебінің жоғары санатты мұғалімі Ж.Бақтыгереева