ХАЛЫҚ туралы мақал-мәтелдер
ХАЛЫҚ СӨЗІ ҚАҺАРЛЫ
Аты — алаш, керегесі — ағаш.
Естімеген елде көп,
Есек мінген сартта көп.
Көлдің атын балық шығарады, балықтың атын халық шығарады.
Кім бай болам демейді, құдайы қаламайды,
Кім би болам демейді, халқы қаламайды.
Қазақ байдың ұлы болма, халық байдың ұлы бол.
Казақ байыса қатын алады,
Сарт байыса үй салады.
Қазақ қартайса түйе бағады,
Қарақалпақ қартайса томар қазады.
Қазақ мал танымас,
Сарт жай танымас.
Қазақтың айраны көп,
Орыстың мейрамы көп.
Қазақтың екі өгізі ағып жатқан суды тоқтатыпты.
ҚАЗАҚША МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР | ПРОСМОТРОВ: 6705 | ЗАГРУЗОК: 61 | ДОБАВИЛ: ADMIN | ДАТА: 15.12.2013 | КОММЕНТАРИИ (0)
Үй туралы мақал-мәтелдер
ҮЙ ТУРАЛЫ
Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.
Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.
Түтін шыққан үй жылы,
Төскейлей шыққан күн жылы.
Үй баласымен базарлы,
қонағымен ажарлы.
Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек.
Үй болған соң шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.
Үйге келгенде үйдей өкпенді айтпа.
Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.
Үйге ұт кірді —егіншінің көкейіне құт кірді.
"Үйде — атан, түзде — бурамын".
ҚАЗАҚША МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР | ПРОСМОТРОВ: 1124 | ЗАГРУЗОК: 58 | ДОБАВИЛ: ADMIN | ДАТА: 15.12.2013 | КОММЕНТАРИИ (0)
Тіл туралы туралы мақал-мәтелдер
ТІЛ - АҚЫЛДЫҢ ӨЛШЕМІ
Адам тілі тас жарады,
тас жармаса бас жарады.
Аз айтып сұйылтып,
көп айтып қойылтары жоқ.
Ақынның тілі қылыштан өткір,
қылдан нәзік.
Ана тілім - дана тілім.
Ат жүйрігі азаптан құтқарады,
Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Ат жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
ҚАЗАҚША МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР | ПРОСМОТРОВ: 17097 | ЗАГРУЗОК: 57 | ДОБАВИЛ: ADMIN | ДАТА: 15.12.2013 | КОММЕНТАРИИ (0)
Туған жер туралы мақал-мәтелдер
ТУҒАН ЖЕР
Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Ата қоныс — алтын мекен.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.
Атамекен туған жер:
кір-қоңыңды жуған жер,
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Әркімнің өз жері — ұжмақ.