Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
2 месяца назад

Сатыбалдиева Айнур Анарбаевна

учитель биологии и географии

Казахстан школа-интернат№3

Материалов: 31

Просмотров: 22937

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Сатыбалдиева Айнур Анарбаевна

«Тәуелсіздік –тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тұғырым Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау. - Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. - Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну. Сабақтың көрнекіліктері: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, буклеттер, желтоқсан құрбандарының портреттері. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер! Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз. Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз. Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар - намысын, ата - баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. Иә, 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы»тарихта мәңгі қалмақ. 1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. (1минут үнсіздік жариялаймыз.) Ортада оқушылардың Тәуелсіздік жайлы өлең жолдары М.Нұрасыл Көк аспанда тулардың Желбіреген күні - бұл, Елім деген ұлдардың Елжіреген күні - бұл. Қ.МарленАтамекен ақ үйдің Азат болған күні бұл. Құндақтағы сәбидің Қазақ болған күні - бұл. К.РайымбекЖұпар шашқан гүлімнің Жаңа ашылған күні - бұл. Менің ана тілімнің Бағы ашылған күні - бұл. Қанат. Алты алаштың баласы Қауымдасқан күні - бұл. Бір - бірімен жарасып Бауырласқан күні - бұл. С.ӘселДүбірлетсін өңірді Дүбірлесін дүлдүлі. Қазақ деген елімнің Құтты болсын бұл - күні! Т.НұржанАтыңнан айналайын, егемен ел, Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер. Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы, келе берер! Ж.АйжанБақтың құсы әр адамға қонып бір, О, тәңірім бізді баққа жолықтыр! Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын, Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек берейік. Олай болса, «Тәуелсіздік жарығы»атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар. Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі? Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам. Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе? Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады. Немересі: Онда тынығып алайық. (Тынығып жатқан немересі түс көреді) Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім. Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой. Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін. Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты! Мұғалім сөзі: Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өркендер ақталады. Ер намысын қорғаған сарбаздарым, Ерліктерің мәңгілік сақталады. Қандай бақыт қуаныш күн бүгін, Дәлелдеуде Қазақстан елдігін. Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар, Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын! К.ГүлназТуған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді. 1986 жыл, 16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. Мұз жастанып азаттықтың жолында, Тәуелсіздік туы тұрды қолында. Сойыл таяқ ойнаса да жанында. Отан үшін жанын қиды ұлдарың, Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың, Күйініштен ауырады жүрегім, Естігенде желтоқсанның ызғарын. Желтоқсан - ау, ұмытылмайсың жүректе, Ұрпақ өсер айналатын тірекке, Егемендік тиді бүгін еншіме, Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке. Ә.АидаЖелтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді. Егемендік иесі мен деген сөз, Көптеген бері естілмеген ерен сөз, Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған Көркем жігіт болып өссе көрген сөз. Егемендік ел болудың белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші. «Егемендік» деген сөзден естілер Ата жұрттың арысы мен бергісі. Т.Азамат1991 жылы желтоқсанның 1 - де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады. Шықты тарап ой данадан, Бері қарады жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті. Шырақ етіп өмір нұрын, Алыс жатты алдағы жол. Ел намысын, елдің жүгін, Арқалаған ардағым - ол. 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н. Ә. Назарбаев тағы жеті жылға сайланды. Күнісіз қазақ көгінің, Шуағын шашқан халқына. Қазығы бостандығымның, Қажымас қайсар нар тұлға, Ұшырдың алыс айға адам Халқымның мақсат арманын, Түсінер сіздей қайда адам?! Бес қару белге буынып, Қол бастар көсем өзіңсің, Жаныңды қиып бересің, Қазақтың байтақ жері үшін. Н .Индира1992 жылы 4 – маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Рәмізім - елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі. Қазақстан Туы Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен - тек - Елдің ашық қабығы. Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман - қыраны. Жалауы бұл - халқымның, Мәртебесі, мақтаны. Елтаңбасы елімнің Елтаңбасы елімнің Неткен әйбәт, әдемі! Тұнығындай көңілдің Ортада - аспан әлемі. Құт, береке, шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ. Екі жақтан көмкерген. Тәуелсіздік жолында Талай - талай тер тамған... Билігім өз қолымда, Еркіндігім - Елтаңбам. Әнұран Әнұраным - жанұраным, Айтар әнім - сөйлер сөзім. Туған жерім - сағынарым - Мың қайталап айтам мұны. Қорытындылау: Осымен бүгінгі «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың алғыз. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін. 14.02.2015 №3 мектеп интернаты Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тұғырым» Дайындаған: А.Сатыбалдиева 2014-2015оқу жылы

  • 31 материал
Лексика

Русский язык и литература
Тесты 26.05.2015 Просмотров: 2542 Комментариев: 0

ЭФФЕКТИВНЫЕ МЕТОДЫ ПОДГОТОВКИ К ЕНТ И ОЛИМПИАДЕ ПО РУССКОМУЯЗЫКУ НА ОСНОВЕ СОПОСТАВИТЕЛЬНОГО АНАЛИЗА С ГРАММАТИКОЙКАЗАХСКОГО ЯЗЫКА. ЛЕКСИКА.Слово (сөз) – это основная значимая единица языка.Лексика (лексика)- это раздел науки о языке , который изучает значение слов.Лексикология (лексикология) -это раздел науки о языке, который изучает словарный состав языка (сөздік құрам).Лексическое значение (лексикалық мағына)– это то ,что обозначает слово.Лексическое значение словаСлово, имеющее несколько ...

Заңым менің

Классному руководителю
Конспекты 14.05.2015 Просмотров: 248 Комментариев: 0

Ата Заңым - ардағымСабақтың тақырыбы: Ата Заңым - ардағымСабақ мақсаты: Әр бала рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің Ата Заңын құрметтеу, Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеу рухында тәрбиелеу.Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауапКөрнекілігі: Суреттер, карта, шарлар.САБАҚ БАРЫСЫ:І. Кіріспе- Балалар, мемлекетіміздің атын атаңдар.- Қазақстан- Елбасымыз кім?- Н. Ә. Назарбаев- Астанамыз қай қала?- Астана- Тату өмір сүру үшін адамдар неге бағынуы керек?- А...

Заң

Классному руководителю
Конспекты 14.05.2015 Просмотров: 229 Комментариев: 0

Ата Заңым - ардағымСабақтың тақырыбы: Ата Заңым - ардағымСабақ мақсаты: Әр бала рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің Ата Заңын құрметтеу, Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеу рухында тәрбиелеу.Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауапКөрнекілігі: Суреттер, карта, шарлар.САБАҚ БАРЫСЫ:І. Кіріспе- Балалар, мемлекетіміздің атын атаңдар.- Қазақстан- Елбасымыз кім?- Н. Ә. Назарбаев- Астанамыз қай қала?- Астана- Тату өмір сүру үшін адамдар неге бағынуы керек?- А...

Тәуелсіздік-тірегім

Классному руководителю
Конспекты 14.05.2015 Просмотров: 488 Комментариев: 0

«Тәуелсіздік –тұғырым» атты ашық тәрбие сағатыСабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тұғырымСабақтың мақсаты:- Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.- Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына дег...

Ата Заңым

Классному руководителю
Конспекты 14.05.2015 Просмотров: 395 Комментариев: 0

Ата Заңым - ардағымСабақтың тақырыбы: Ата Заңым - ардағымСабақ мақсаты: Әр бала рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің Ата Заңын құрметтеу, Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеу рухында тәрбиелеу.Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауапКөрнекілігі: Суреттер, карта, шарлар.САБАҚ БАРЫСЫ:І. Кіріспе- Балалар, мемлекетіміздің атын атаңдар.- Қазақстан- Елбасымыз кім?- Н. Ә. Назарбаев- Астанамыз қай қала?- Астана- Тату өмір сүру үшін адамдар неге бағынуы керек?- А...

Тіл

Классному руководителю
Конспекты 14.05.2015 Просмотров: 337 Комментариев: 0

«Тәуелсіздік –тұғырым» атты ашық тәрбие сағатыСабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тұғырымСабақтың мақсаты:- Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.- Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына дег...

Күз ханшайымы

Классному руководителю
Конспекты 14.05.2015 Просмотров: 1599 Комментариев: 0

«Күз мерекем, күз берекем» атты күзгі бал кешінің жүргізілу сценарийіМақсаты:1-жүргізуші: Бейне нұрлы көкте күн,Білсең өмір – көктемнің.Айқара ашар есігін,Хош келдің! – депмектебіңБалдырғандар бұл мәлім,Еркелігін тастайды.Қыркүйекте мұғалімОқу жылын бастайды.Күн қарына алады,Күздің соңғы айы бұл.Қар да жауып қалады,Алдамаса пайымым.Екінші айы күздің бұлДоп қуып, футбол ойнаймыз.«Күзгі балын» мектептіңҚазан айында тойлаймыз! – деп ақынағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Күз балы» мерекесін бастау...

Кішкентай арулар сайысы

Классному руководителю
Конспекты 14.05.2015 Просмотров: 736 Комментариев: 0

№3 мектеп- интернат«Кішкентай арулар » сайысы6.03.2015 жылКішкентай арулар сайысы.Мақсаты: 1.Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегінқұрметтей, ардақтай білуге тәрбиелеу;2.Ата- бабамыздың ұрпақтан- ұрпаққа беріліп келе жатқанұлттық тәрбие, салт- дәстүрі мен әдет- ғұрыптарынсақтауға, білуге, құрметтеуге баулу;3.Сезімін ояту. Өмір танымын кеңейту, имандылық,ұлтжандылыққа тәрбиелеу дарындылығын дамыта түсу.Жүргізуші: Ал енді Аруларымызбен таныс болыңыздар.1-ші бөлім: Аруларымызды өздері...

Қоғамның басты байлығы-АДАМ!

Классному руководителю
Конспекты 14.05.2015 Просмотров: 552 Комментариев: 0

«Қоғамның бастыбайлығы – адам»Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы№3 мектеп-интернатМедбике: Қожатаева МаржанТәрбиесағатының тақырыбы:«Қоғамның бастыбайлығы – адам» Уақыты:15.10.2014Әдісі: кездесу кеші.1жүргізуші: Армысыздарқұрметті ұстаздар, қонақтаржәне оқушылар2жүргізуші:Өткізілгелі жатқан «Қоғамның басты байлығы- адам!» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер.1ж:Бүгінгі қозғап отырғанқоғамдағыең өткір мәселеге айналып оырғандерттердің ішінде қант диабеті немесе сусамыр ауруы,нашақорлық, насы...

ЖИТС

Классному руководителю
Конспекты 14.05.2015 Просмотров: 1589 Комментариев: 0

Акция тақырыбы: «ЖИТС – ғасыр дерті»Уақыты:26.11.2014ж.Әдісі: тәрбие сағаты Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТСдертінің алдын алу, сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру; салауатты өмір салтын қалыптастыру; оқушыларға ЖИТС қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зияндылығын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселденбарынша аулақ болуға шақыру;оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Көрнек...

Зиянды әрекеттер

Классному руководителю
Конспекты 13.05.2015 Просмотров: 1039 Комментариев: 0

Зиянды әдеттер (темекі, арақ, есірткі) Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп-интернат Қожатаева Маржан,Саданова Сайжида. Сабақтың тақырыбы: Зиянды әдеттер(темекі, арақ, есірткі) Мақсаты: Жас ұрпақтың зияндыәдеттертуралы білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білім алуға жағдай туғызу. Күтілетін нәтиже: 1. Зиянды әдеттер туралы ойларын тиянақтайды; 2. Зиянды әдеттерге итермелейтін себептерді анықтай біледі; 3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады; 4. Өз...

Мектептегі бастауыш білім берудегі жаңалықтар

Начальные классы
Конспекты 12.05.2015 Просмотров: 245 Комментариев: 0

Баймағанбетова Рыскүл-Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісіМектептегі бастауыш білім берудегі жаңалықтартәжірибелер тиімділігіБізде «Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп-оқушынытұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы» деген ұғым қалыптасқан . Ал АҚШ-тағы адамның әлеуметінің даму мүмкіндіктерін зерттейтін институтының директоры Глен Доуман жапондық инженер «Сони» фирмасының не...

Тіл-ұлттың тірегі

Классному руководителю
Конспекты 12.05.2015 Просмотров: 482 Комментариев: 0

Сейдахметова Гүлнар-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісіТақырыбы: Тіл – ұлттың тірегі және қарттарым асыл қазынам.Мақсаты: Тілқайұлтта,қайелдеболсадақастерлі,құдіреттілігін,оләрбірадамғаанасүтіменбіргееніп,қалыптасатындығын,Тілбайлығы -әрбірелдіңұлттықмақтанышы екендігін,ол -атаданбалағамирасболыпқалатынбағажетпесмұра екендігін оқушылардың санасына сіңіру. Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиетт...

Діни секталар

Классному руководителю
Конспекты 12.05.2015 Просмотров: 811 Комментариев: 0

Баймағамбетова Рыскүл-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісі.Тақырыбы: Діни сектаралардың бала өміріне қауіптілігі.Мақсаты: Көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты адамның сана сезімін улайтын теріс бағыт беретін діни секталардан бойын аулақ ұстау керектігін, Елін, жерін сүйетін, Отанын, тілін, ата-бабасының дінін қастерлей білуге баулу.Сабақтың әдісі: пікірталас сұрқ-жауапКөрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, видео фильмЖоспары:1.Қонақтарды қарсы ал...

Вводные слова

Русский язык и литература
Тесты 12.05.2015 Просмотров: 708 Комментариев: 0

Бегентаева Газиза Алайдаровна-учитель русского языка и литературы Жанакорганского районаКызылординской области.ЭФФЕКТИВНЫЕ МЕТОДЫ ПОДГОТОВКИ К ЕНТ И ОЛИМПИАДЕ ПО РУССКОМУЯЗЫКУ НА ОСНОВЕ СОПОСТАВИТЕЛЬНОГО АНАЛИЗА С ГРАММАТИКОЙКАЗАХСКОГО ЯЗЫКА. СИНТАКСИС.ВВОДНЫЕ СЛОВА.Вводные слова (қыстырма сөздер)-это слова, при помощи которых говорящий (сөйлеуші) выражает свое отношение (көзқарас) к тому, что он сообщает (хабарлайды).Вводные предложения, или вставные конструкции (қыстырма сөйлемдер)-это така...

Подготовка к Единому Национальному тестированию

Русский язык и литература
Тесты 12.05.2015 Просмотров: 215 Комментариев: 0

Бегентаева Газиза Алайдаровна-учитель русского языка и литературы Жанакорганского районаКызылординской области.ЭФФЕКТИВНЫЕ МЕТОДЫ ПОДГОТОВКИ К ЕНТ И ОЛИМПИАДЕ ПО РУССКОМУЯЗЫКУ НА ОСНОВЕ СОПОСТАВИТЕЛЬНОГО АНАЛИЗА С ГРАММАТИКОЙКАЗАХСКОГО ЯЗЫКА. СИНТАКСИС.БЕССОЮЗНОЕ СЛОЖНОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ.Бессоюзное сложное предложение (жалғаулықсыз құрмалас сөйлем)-это такое предложение, в котором простые предложения объединены без союзов и союзных слов, а с помощью интонации и содержания.Значения (мағыналар) бесс...

Адам және біз

Классному руководителю
Конспекты 12.05.2015 Просмотров: 241 Комментариев: 0

Сәулебекова Роза-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісі.Сабақтың тақырыбы: Адам және біз Сабақтың мақсаты: Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуі, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, күн бейнесі, бұлттар, суреттер, интерактивті тақта. Барысы: Психологиялық дайындық.Тәрбиеші: Әдептілік, ар - ұят, Адамдықтың белгісі - дег...

Бала-біздің бақытымыз

Классному руководителю
Конспекты 12.05.2015 Просмотров: 397 Комментариев: 0

Елеусізова Бахыт-Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы. Бала-біздің болашағымыз «Қазіргі замандакез-келген мемлекеттің тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап тұрудыңмаңызды шарты-адамдардың өздері,олардың ерік жігері,қажыры,білімі болып табылады.Ата-аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлулері тиіс.Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХІ ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет». (Елбасының Н.Ә.Назарбаев Жолдауынан ) Бала тәрбиес...

Фариза Оңғарсынованың "Оюлар" өлеңі

Классному руководителю
Конспекты 12.05.2015 Просмотров: 865 Комментариев: 0

Баймағамбетова Рыскүл-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернатының тәрбиешісі.Тақырыбы: Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңіСабақтың мақсаты: 1. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, мазмұны мен идеясын ашу;2. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;3. Қазақтыңұлттық нақыштарын қадірлеп, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақӘдіс тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау, ДЖИГСО1,INSERT, ...

Отбасы-тәрбие бастауы

Классному руководителю
Конспекты 12.05.2015 Просмотров: 675 Комментариев: 0

Нұрманова Гүлзада-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісі. Отбасы –тәрбие бастауы Сынып сағатының мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын,отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға : ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Сынып сағатының өту формасы: дөңгелек үстел Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, шақыру билеті, фото-су...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх