«Мұғаліммін, білім беру міндетім, болса деймін, жерге – жауын , гүлге – күн»
Бар жақсылықтың жарық жұлдызы – оқу.
Халық пен халықты , адам мен адамды теңестіретін нәрсе «білім» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тік ұстап, биікке қалықтатар, елімізді өркендетудің бастауы – мектеп.
Мен ұстазбын, мұғаліммін, оқытушымын. Мен тағы бір өзім сияқты жаратылған, жер басып жүрген пенделерді өмір сүруге үйретушімін.Ұстаз тек оқытып үйретіп қана қоймайды. Өзі өмірбойы оқиды, үйренеді, ізденісте болады.Ұстазға мен өстім,өндім,үйрендім,болдым,толдым деуге уақыт белгіленбеген.