Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
5 месяцев назад

Бесимбаева Ақмарал Жеткизгеновна

учитель

Казахстан №14 школа

Материалов: 5

Просмотров: 522

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Бесимбаева Ақмарал Жеткизгеновна

КӨШЕТТЕР Наурыз айы туысымен атам бақша ішінен шықпайды. Түрлі жеміс ағаштарын отырғызады, ескі бұтақтарды қырқады. Мен жанынан қалмай, жәрдем беремін. – Мына алмұрт ағашын сен туғанда еккен ем, – дейді атам бойын тіктеп. – Енді, міне, басына шықсаң, ауылдың бәрі түп-түгел көрінеді. Жаңбыр жауа бастады. Біз асыға қимылдадық. –Топырақта ылғал жақсы болса, көшеттер тезірек көктейді, – деп, атам сөйлеп қояды. Көшеттердің бәрін де отырғыздық. Атам екеуіміз үстіміздегі жаңбыр тиген киімдерді ауыстырмақ болып, үйге кірдік. – Ата, жаурап қалдым, – дедім мен. – Онда біраз жылынып ал, – деді де, жылы көрпешемен үстімді қымтады. Содан соң қолына сіріңке алып, пешке сүт қойды. Сіріңкені жаққан сайын оты жарқ етеді де сөне береді. – Неге жанбайды, ата? – дедім таңданып. Суланып қалған ба? – Жоқ, балам. – Сөйтті де, терезе сыртына қарап, желге иілген бұтақтардың сыбдырын тыңдап сәл-кем тұрды. – Балам, ормандағы ескі ағаштардың құлаған лебінен сіріңке жағылмай, өшіп қала береді, – деді. – Ата, соққан жел үй ішіне кірмейді ғой, – дедім мен. – Бұрыңғылар солай дейтұғын. Сөйтіп, жыл сайын құлаған ескі ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызатын. Атамның сөзіне иландым. Көзім ілініп кетіпті. Сәлден соң оянсам, терезе сыртында жел басылыпты. Сүт те пісіпті. Көшеттердің бүршігінде жаңбыр тамшылары үздіге ілініп тұр. (181 сөз) Мазмұндау жоспары: Наурыз айы туғанда Көшеттер отырғызу Жанбаған от Атамның сөзі Тірек сөздер: көшеттер, бүршік, бұтақтардың сыбдыры. АНАР БАҒЫ Көше шетінде Жомарт атайдың бағы бар. Онда тек анар өседі. Күз келген соң аузымыздың суы құриды. Әр бұтақта иіліп, самсап тұрған қызыл шырайлы анарларды көріп дегбіріміз кетеді. Жұмабек екеуіміз екінші класта оқимыз. Үзіліс кезінде ол маған қарап былай деді: – Жомарт атайдың анары пісіпті. Кеше бағына барып, біреуін жұлып алдым. – Неге сұрап алмадың? Атыңа кір келтіріпсің, – деп ұялттым. Жұмабек үндемеді. Мен апайға айтам деген ойға келдім. Сабаққа қоңырау соғылып, партаға жайғасқан соң қолымды көтердім. – Апай, Жұмабек Жомарт атайдың анар бағына сұрамай кіріп, жемісін жұлыпты, – дедім. Апай: – Жомарт атайды ренжіткенің бекер болыпты. Ол жақсы адам. Бұрын ауылымыздың мақтаулы егіншісі болған. Жомарт атайдан кешірім сұра, – деп Жұмабекке ескерту жасады. Түстен кейін екеуіміз Жомарт атайдың үйіне бардық. Болған жайды түгел айттым. – Мен сізден кешірім сұраймын, – деді Жұмабек басын төмен иіп. – Ә, жақсы бала екенсің. Кемшілігін түсінген баланы неге кешірмеске. Кешіремін, – деп Жомарт атай Жұмабекті құшағына қысты. Содан соң анар өскен бақты көрсетті. – Баққа үнемі күтім жасау керек. Сонда жемісі балдай тәтті болып, тілді үйіреді, – деді әжімді жүзі жайдарыланып. – Біздер әрдайым көмекке келіп тұрайық, ата. Бақ ішіндегі арамшөптерді жұлуға жәрдем береміз, – дедім мен. – Ә, бәрекелді, келіңдер. Менің сенімді көмекшілерім болатындарыңа сенемін, – деп екеуіміздің қолымызға екі анар ұсынды. – Келіп тұрамыз, – дедім мен. Жұмабек өзінің кешегі теріс ісінен ұялып атайдың жүзіне қарай алмай тұр екен. (209 сөз) Мазмұндау жоспары: Жомарт атайдың бағы Жұмабектің кемшілік жасауы Достық кеңес Апайдың ескерту жасауы Сенімді көмекші Жұмабектің өзі жасаған ісіне ұялуы. Тірек сөздер: аузының суы құру, арамшөп, тілді үйіреді, теріс іс.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх