Бикеева Дина Тыныштыковна
8 лет назад

Шырағын сенің сөнбейді

Бикеев Қуаныш (Николай)Кабакович

«Ұлы Отан соғысы біздің халкымыздың, аға буын өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен каһармандығын күллі әлемге таныткан касиетті соғыс болса, Ұлы Женіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңғілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Егер Сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгін жаркын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазакстан да болмас еді»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

Ұлы Отан соғысының ардагері «Үшінші Дәрежелі Даңқ», «Қызыл жұлдыз»ордендері мен «За взятие Кенигсберга», «За Отвагу»медальдары мен «Отличный разведчик» төс белгісінің иегері Бикеев Қуаныш Қабақұлын еске алу

Міне, биыл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 70 жыл толады. Бұл Жеңіс біздің елге оңайлықпен келген жоқ. Отан үшін әрбір азамат қасық қаны қалғанша ерлік көрсетіп, жандарын пида етті. Жер жүзін шарпыған сұм соғыста қаншама. Біреулер жалғыз ұлынан, біреулер әкесінен, ағасынан, сүйікті жарынан айрылды. Бірақ, олардың ел үшін, туған жер үшін қайтпас қайсарлдықтары мен жанкешті ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Есіл ерлеріміз жеңісті сыйламағанда біз болашақ ұрпақ бүгінгі күнге жетпес едік. Сондықтан ұлы жеңісті сыйлап, бейбіт өмірге жеткізген Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, ардагерлерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету кейінгі ұрпақтың парызы.

Атамыз 1941-1946 жылдары алдыңғы шепте барлаушылар дивизиясында болған.Өте батыл,ержұрек ,еңбекқор әр кезде барлаудан құнды деректер мен «тіл» әкеліп отырған .6 жыл соғыстан аман оралып,елге жетіп,жанұя құрып,5 балаға әке болып,11немере сүйген. Осындай ардақты әкелеріміздің арқасында бақытты өмір сүрудеміз.Ұлы Жеңіс қарсаныңда марқұм атамыз бір аунап түссін деп еске алып отырмын.

Шырағың сенің өшпейді

Әкенің ақылы керек екен, Таптырмас ой-сана береді екен. Алтыннан жасалған үш әріпке, Өмірде еш нәрсе теңелмеген.

Мәңгілікке кеттің ортамыздан

Жан әке ардақтаймыз атыңызды

Ауылдас ,тума- туыс,таныстарың

Әрдайым еске алады өзінізді

«Айналайын» деген сөзінді

Ұмытпаймыз бәріміз

Келіні :Бикеева Дина

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.