Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Бисембаева Базаркул Муратовна

учитель по Информтике

Казахстан Многопрофильный колледж "Ұлағат Қызылорда"

Материалов: 9 Просмотров: 1093 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Инфоурок / Сайты учителей / Бисембаева Базаркул Муратовна

Бисембаева Базаркүл Мұратқызы 1991 жылы тамыз айының 28 – нші жұлдызында Қызылорда облысында дүниеге келген. Отбасында 4 ағайынды, әкесі Бисембаев Мұрат №112 Жамбыл атындағы орта мектеп қарауылы, анасы Нүрпейісова Серіккүл жеке кәсіпкер болып қызмет атқарады. 1998 жылы Қызылорда облысы №120 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің 1 - «А» сыныбына қабылданды. 1999 жылы облыстық ана тілінен мәнерлеп оқу сайысынан І – орын алғаны үшін марапатталды. 2003 жылы облыстық білім басқармасы мен Қызылорда қазақ – түрік ер және қыз балалар лицейлері ұйымдастыруымен өткен логикалық олимпиададан өте жақсы нәтижеге жеткен. «Ауыл болашағы білімді жастар қолында» облыстық пәндік бақылау жарысында жоғары балл жинады. Облыстық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы оқушының білім деңгейін арттыру , интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында математика пәні бойынша өткізілген олимпиадада үздік білімін көрсетті. 2007 жылы «қызыл аттестат» иегері. 2009 жылы ҰБТ- дан жоғары 107 балл жинап, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ- ға «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына оқуға грант негізіне түсті. Университетішілік іс – шараларға, жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2012 жылы 27 қаңтарда ВТПО – 09-1 оқу тобының студенті Бисембаева Базаркүл Мұратқызы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттерінің ең үздік ғылыми жұмыстары байқауында ІІ – орын алғаны үшін марапатталды. 2012 жылы 12 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 75 жылдығына орай өткізілген «Студенттердің ғылыми – инновациялық шығармашылығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары атты 14(68) ғылыми конференцияда үздік баяндама жасағаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2013 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын үздік дипломмен аяқтады. 2013 жылдан бастап «Болашақ» Университетінің колледжінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқытушы қызметін атқарып келеді. Бисембаева Базаркүл Мұратқызы білімді, білікті, жан-жақты ізденімпаз маман ретінде қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін көтеріп, курстарға қатысып отырады және өз сабақтарында жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушыларды қызықтырады, қоғамдық жұмыстарды атқаруда белсенділік танытады. 2013 – 2015 оқу жылдары колледжаралық өткізілген ғылыми - тәжірибелік конференцияда Бисембаева Базаркүл Мұратқызы І орынды иеленді. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми конференцияда сертификатпен марапатталды. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі сапаны арттыру» , «Международный опыт внедрения дуального обучения» сертификаттарымен, «Flash технологияларын және Action Script бағдарламалау тілдерін пайдалана отырып, балаларға арналған танымдық электронды журналды дайындау» атты мақала «Педагогикалық ізденіс» журналына жарияланды, «НҰР ОТАН ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» алғыс хатымен, облыстық «баскетбол» жарысынан І орын, облыстық ғылыми – тәжірибелік конференцияда І орын, Университет пен колледж арасында ұйымдастырылған «Эстафета» сайысынан үздік ойын көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталып, ашық тәрбие сағаттары, панорамалық сабақ, ашық тәрбие сағаттарын ұйымдастырды. «Ақпараттық желілер», «Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер», «Бағдарламалау» пәндерінен оқу - әдістемелік кешен дайындаған. 2015 жылы 1қыркүйек айынан бастап Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжіне «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының арнайы пән оқытушысы болып қабылданды. 2015 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласының «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты IX Республикалық оқытушылар сайысында жүлделі І - орынды иеленді. 2015-2015 оқу жылында М-21 оқу тобының студенті Рзақұлова Гүлжанат Бисембаева Базаркул Муратовнаның жетекшілігімен Астана қаласының «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Жас ғалым» атты Республикалық студенттер арасындағы ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысып, нәтижесі І – дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015 жылдың 18 желтоқсан айында «Ізденіс жолы» атты Республикалық ғылыми, ақпараттық – танымдық, педагогикалық журналына М-21 тобымен өткізген «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» атты ашық тәрбие сағатымды баспа бетіне жариялап, мақалам жарыққа шығып, сертификат алдым. Ол Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі мекемесінің білім беру және колледжде кәсіптік білім берудің сапасын арттыруда белсенділік танытады және ұйымдастырушылық, ұжыммен жұмыс жасау шеберлігімен, педагогтармен тіл табыса білу қабілетімен көзге түседі. Колледж оқушыларының тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруға аса назар аударады. Өз оқу тобымен бірге колледж ішінде және колледжден тыс өткізілетін әртүрлі ғылыми конференцияларға, жарыстарға, конкурстарға белсене араласып, оның оқушылары көптеген жетістіктерге жетіп, алғыс хат, марапаттарды иеленуде.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • 9 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх