Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
2 месяца назад

Болатова Ырсалды Хашимовна

учитель

Казахстан СШ №18

Материалов: 1

Просмотров: 260

Комментарии автора: 1

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Болатова Ырсалды Хашимовна

Стаж работы 20 лет, высшее образование, высшая категория, классный руководитель 5а класса, в этом году преподаю в 5-6 классах, замужем, трое детей из них два мальчика и дочь. “Еңбексіз бақытты өмір болуы мүмкін емес” А.П.Чехов Мен, Болатова Ырсалды Хашимовна, №18 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі ретінде еңбек өтеудемін. Ұстаз менің ойымша, өте ауыр және сол арада тартымды мамандық, бұл мамандық адамның барлық өмірін арнауды қажет етеді. Ұстаз мамандығы үшін өте көп жағымды энергияны, үлкен шығармашылықты, өз жұмысына деген шексіз махаббатты қалайды. Ұстаз болу қазіргі заманда өте қиын! Осы мамандыққа деген қызығушылықты менің анам жандырды, Ахметова О.С., -математика пәнінің ұстазы. Анам өз өмірінің 39 жылын осы мамандыққа арнап Кенащы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, директор, оқу ісінің меңгерушісі жұмыстарын атқарды. Кешкіліктерде мектеп оқып жүрген жылдары екеуіміз сайыса отырып әр түрлі есептердің шешімін қарастырған кездердің арқасында өз мамандығымды анықтадым деуге болады. Әр адамның осы өмірде өз орны бар. Менікі болса ұлы математикаға, деген арнау балаларды осы қиын да, қызықты ғылымға үйрету. Міне 20 жыл осы мамандықта жүргенім. Осы уақыт арасында көп тапсырмалардың жауаптары шығарылды, әр түрлі жаңа оқу әдістері табылды, бірақ әр күні мен жаңа тапсырмалардың шешу жолдарында жүріп әр сабаққа әрдайым бір жаңа әдіс, мән қосудың соңында жүремін. Математика сабағында оқушыларды белгілі нысанаға келтіріп қана емес тәрбиелеу қажет. Менің мақсатым – оқушыны қиыншылықтарды әртүрлі кедергілерді жеңуге үйрету. Ал математика ұстазы ретінде – сабақтың жағымды жақтарын ашу, математиканың әсемдігін көрсету, негізгітапсырмалардың жеңіл шешу жолдарын үйрету және ең қабілеттілеріне көп көңіл бөлу. Менің ойымша ұстаз ең алдымен оқушылардың досы, көмекшісі және он жыл жұмыс атқарғанның өзінде, заманға сай сұраныста болуы үшін өзінің ойын өзгерту қажет. Мұғалім – бұл әрине жан-жақты дамыған және білімді тұлға. Неге мен мектепте жұмыс істеймін? Себебі сабаққа кіріп күнделікті әр оқушының бет-бейнесіне қарап, күн өткен сайын олар өздеріне сенімді болғандарын және “ғылым патшасымен” тығыз байланысының өзгерістерін айқындау. Мұғалім мамандығын таңдау әр адам үшін дұрыс шешім. Себебі осы жұмысымның арқасында менің айналамда маған және мен де көп адамдарға керек екенін сезінемін. Қасымдағы әріптестеріме әр оқушы олар үшін сабақ беру объект емес бір жеке тұлға, әр сабақ –жай қарапайым жұмыс емес шығармашылық жұмыс, әр екі шешім емес қандай да бір ойланатын мәселе. Әрбір сабақтың соңында “Сабақ аяқталды”, - деп оқушыларға айтам, бірақ сабағым әрқашанда жалғасатынын білемін. Және сол сабақтарды өмір өзі жалғастырады. Оқушыларды шығарып салып мен жиі ойланатыным, осы сабақтан не алып кетті екен, менің сабағым оларға тақырыптан басқа жақсылыққа, әділеттікке, адамгер-шілікке үйреттім бе? Мұғалімнің жұмысында қуанышты және бір мезетте өкініштісі ол - әріне қоштасу. Оқушылардың кейбіреулері менің жұмысымның жетістіктерін жалғастырса: ол дегенмен сабақ жалғасуда деп ойлайық. Менің педагогикалық аксиомаларым олар: - Егер де менің пәнімді оқушы ұнатсын десем, ол пәнді және оқытатын балаларды де ұнату керекпін. – Егер де бала математиканың майталманы болсын десем, мен баламен бірлікте жұмыс атқару керекпін. Егер де бала өздігінен жұмыс атқарып өз ойын жеткізе білсін десем, мен оны қызықтыру керекпін. Өмірді балалар үшін емес, балалармен бірге қуаныштарымен қайғыларын бөлісе өмір сүру қажет.

  • 1 материал

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх