«Ұстаз... Жаратлысынан өзіне айтылғанның бәріне жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған
нәрселердің бәрін жадына сақтайтын, да алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, шешен, өнер - білімге құштар, аса канағатшыл, жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, әділ, жұрттың бәріне
жақсылық пен ізгілік көрсететін, қорқыныш пен жасқанудың білмейтін батыл да ержүрек болуы
керек» (Әл – Фараби)
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні - жақсылыққа. Өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізу дегенді білдіреді. Ал ішкі қыр - сырына тереңірек бойлап көріңізші! Үңілген сайын баға жетпес қазыналарға кенелгендей күй кешетініңіз аян. Ұстаз сөзі көз алдымызға мейрімді, білімді, парасатты, жүрегі жұмсақ асыл жанды елестетеді. Талмай іздену, маңдай терін төгу арқылы ғана ұстаз көп жетістіктерге қолын жеткізе алады. Ұрпақ тәрбиесі - қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұлы іс. Кез келген қиындыққа шыдай білген адам сол еңбегінің жемісін көреді. Сол еңбегінің жемісін көру үшін ұстаз бойында ұстамдылық, дарындылық, байсалдылық, ізденімпаздық сияқты алуан түрлі қасиеттер болуы шарт.
«Ұстаз... Жаратлысынан өзіне айтылғанның бәріне жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған
нәрселердің бәрін жадына сақтайтын, да алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, шешен, өнер - білімге құштар, аса...