Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
2 месяца назад

Букабаева Кульшар Сейдуловна

учитель математики

Казахстан Карашокская СШ

Материалов: 5

Просмотров: 1089

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Математика
Инфоурок / Сайты учителей / Букабаева Кульшар Сейдуловна

Директорлар алуан түрлі адамдардың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандырып, және жергілікті қоғамның күшін пайдалану мақсатында ата-аналармен және мүдделі адамдармен бірлесіп жұмыс істей отырып, барлық оқушыларды табысты оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. (Басшысының арналған Нұсқаулық, 11-бет) Бұрын, мектеп басқару процесінде, мектеп директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдер жоғарыдан түскен нұсқаулық бойынша жылдағы дәстүрді жалғастыра отырып, ата-аналар мен оқушыларды қалыпты дайын шаблон бойынша басқаратын. Қазір, бұл мақсат ХХІ ғасырдағы мектепті басқаруға келмейді. Сондықтан, әлем жылдам өзгеріп жатқанда, оқушыларды бұлыңғыр болашаққа қалай дайындау проблемасы тұрғанын ойлануымыз керек. Себебі, мектеп табысты мектепке айналу үшін біз басқарудың стилін өзгертіп, тәжірибемізді дамытып, оқушылардың қажеттілігіне сәйкес келетін басқаруды жасауымыз керек. Ол үшін білім берудің болашағы туралы жүріп жатқан жаһандық пікірталастарға назар аудара отырып, оларды пысықтап, жаңалықтарын өз тәжірибемізде үйреніп, қолданып, дамытып, жетілдіріп отыруымыз қажет. Мысалы, Сингапур тәжірибесінен: «Негізгі үш идея», «Төрт шешуші сұрақ» идеясын қолданып, мұғалімдермен бірлесіп әрекет ету жұмысын ойластырамын. Негізгі үш идея: 1. Оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету; 2. Ынтымақтастық мәдениетін құру; 3. Оқушылардың оқу нәтижелерін назарда ұстау. Төрт шешуші сұрақ: 1. Біздің оқушылар нені игергенін қалаймыз? 2. Олардың бұны игергенін біз қайдан білеміз? 3. Олар бұны игере алмаса, біз қандай шара қабылдаймыз? 4. Олар бұны бұған дейін білетін болса, біз қандай шара қабылдаймыз? (Үлестірмелі материалдар, 33-34-беттер) Болашақта, оқу мен оқыту тәжірибесіне осындай идеяларды қолдану мектепті табысты мектептер қатарына қосуға, білімді жақсартуға бағыттайтыны анық. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін мектепте топтар құрып, оларға деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің тәжірибесін үйретуді бақылаймын. Болашақта, өз тәжірибемде орын алған өзгеріс туралы ойларымды іске асыруды жандандыра отырып, уақыт өте келе дамытамын деп ойлаймын. Оқу нәтижесінің жақсарту жолдарын қарастыру арқылы, мектеп мақсаттарына қол жеткізуге мұғалімдерімді бағыттаймын.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх