Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Бурабаева Гүлзира Көшербайқызы

Информатика пәні мұғалімі, Оқу ісі орынбасары

Казахстан Қарақұдық орта мектебі

Материалов: 2 Просмотров: 176 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Бурабаева Гүлзира Көшербайқызы

МІНЕЗДЕМЕ Бурабаева Гүлзира Көшербайқызы 1982 жылы Бостан ауылында дүниеге келген. Мектепті Қарақұдық орта мектебінде 1999 жылы аяқтады. 2005 жылы Қарақұдық орта мектебіне лаборант болып қабылданды. 2009 жылдан бастап информатика пәнінің мұғалімі болып тағайындалды. Қосымша ҰБТ-ның хатшысы қызметін атқарады. Гүлзира тәртіпті, ақкөңіл, ұжым арасында өзін салмақты ұстайтын маман. Білгенін аямайтын, қолдан келген көмегін беруге дайын тұратын азаматша. Гүлзира сабақ берген уақытта өзін салмақты ұстайды. Оқушымен тіл табысып біледі. Компьютермен жұмыс жасау барысында, интерактивті тақтаны қолданған уақытта дауыс ырғағы оқушыға жағымды әсер етеді. 2009 жылы аудандық жас мамандар сайысының жүлдегері. Гүлзира оқушылармен түрлі ашық сағаттарын және сыныптан тыс жұмыстар өткізді. Соның ішінде информатика пәнінен 2010 жылы 8 сынып арасында «Жүзден жүйрік» сайысын өткізді. 2011 жылы 9 сынып арасында «Паскаль бағдарламалау тілінде графиктік операторды пайдалану» ашық сабағы,2012 жылы 6 сынып арасында «Компьютерлік вирустар, компьютерлік вирустардан сақтанудың тәсілдері», 7 сынып арасында «Тапқыр достар» сайыс сабағы өте тартымды өтіп, жоғары бағаланды. Гүлзира білгеннің үстіне білсем деген есеппен тәжірибелі ұстаздардың сабағына қатысып, тәжірибе алмасқанды алдына міндет етіп қойды. Атап айтсақ, информатика пәнінің мұғалімі Чаудырбаева Қарылғаның, математика пәнінің мұғалімі Қожақметов Қалиланың, химия пәнінің мұғалімі Қоразова Раушанның сабағына («Менделеевтің периодтық заңы » деген тақырыпта) қатысып өзіне керекті элементтерді қабылдауда. Байшахан Айгерімге тәлімгерлік еткен Гулзира Көшербайқызы, 2012-2013 оқу жылында ғылыми жобаға қатысып, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы бойынша «Туған өлкенің кереметі!» бейнефильм конкурсы бойынша І-орын. Маңғыстау облысында «Қазақстан – менің елім» атты өлкетанушылар, натуралистер және туристерге арналган облыстық ғылыми-практикалық конференциясының «Туған өлкенің кереметі!» бейнефильм конкурсы бойынша ІІ-орын иегері. Гулзира сонымен қатар психологиялық жұмыстарды да қоса атқарып келеді. Ол оқушылармен тығыз байланыс жасай отырып көптеген жұмыстар атқаруда. Соның ішінде «дарынды оқушыларды», «Дарынды балаларды анықтау және зерттеу», «Мен және менің жанұям» сауалнамалар, сыныптарға әр-түрлі психологиялық тренингтер өткізді. Мұғалімдермен жас мамандардан анкета, тестер өткізді. Ұжымның Гүлзираға берер бағасы болашақта Гүлзира мектептің абыройын ақтап, облыс көлеміне танымал ұстаз және мектеп психологы болады деп сенеміз.

  • 1 материал
Сабақтың тақырыбы: "Кондитерлер печеньені неден жасайды?" 7 сынып

Другое
Презентации 11.05.2015 Просмотров: 176 Комментариев: 0

Мақсаты: Кондитерлер тағамдардың маңызы туралы білу. Міндеттер: 1.Кондитерлік тағамдардың құрамы туралы білу. 2.Өмірімен байланыстыра отырып әңгімелей білу. 3.Оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту. Күтілетін нәтижелер Кондитерлер тағамдардың қоспаларының маңызы туралы ұғынады. Ресурстар Оқулық, АКТ, қатты қағаздар, түрлі-түсті қағаздар, бейне баян Оқыту әдістері Психологиялық дайындық, топқа бөлу, тірек білім, миды ойландыру, ой-түрткі, топтық жұмыс, сергіту сәті, кері байланыс.


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх