Мен Буршекова Сандугаш Сериковна Батыс Қазақстан облысы, Бокейордасы ауданы, қазіргі Бөрлі (Т.Масин) ауылында 1985 жылы 04 қаңтарда дүниеге келдім. 1991 жылы мектеп табалдырығын аттадым, 2002 жылы мектепті жақсыға бітіріп, Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің ағылышын тілі мамандығына оқуға түсіп, 2005 жылы шетел тілінің мұғалімі біліктілігін алып шықтым. 2007-2010 жж аралығында Еуразия Академиясында екі шетел тілі: ағылшын және неміс тілі факультетін бітірдім. 2005-2008 жж аралығында Бокейордасы ауданы Бөрлі ауылындағы М.Бегалиева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып қызмет атқардым. 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Орал қаласындағы Технологиялық колледжінде ағылышын тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеймін. Осы колледжде жұмыс істеген уақытымда бірнеше ашық сабақтар, семинарларда шеберлік сыныптар, баяндамалар оқыдым.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, колледж өміріне енуде. Өзімнің іс - тәжірибемде қолданып жүрген технологиялардың бірі - «Интерактивті оқыту технологиясы». Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндерді оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялық технологиялардың тиімді жолдары» атты облыстық практикалық семинарда «Ағылшын тілі сабақтарында интерактивті технологияны қолдану» тақырыбында шеберлік – класс көрсеттім.
Пән бойынша білім сапасы:
2011-2012 оқу жылдары үлгерім - 100%, білім сапасы-72%, орташа балл-4,0, 2012-13 оқу жылдары үлгерім - 100%, білім сапасы-84%, орташа балл-4,2, 2013-14 оқу жылдары үлгерім - 100%, білім сапасы-86%, орташа балл-4,3.
Біліктілік арттыру мақсатында:
12.01. - 26.01.2008ж. БҚО ПКБА және ҚДИ «Ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өттім.
29.11.-04.12.2011 ж. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да Өңіраралық орталықта «Он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарды ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік негіздері» тақырыбында;
24.11.- 06.12.2014 ж. «Оқытушының кәсіби-педагогикалық қызметін дамытудағы инновациялық оқыту технологиялары» тақырыбында біліктілік арттыру курстарында болдым.