МІНЕЗДЕМЕ
Даниярова Асия Жамбуловна 1970 жылы дүниеге келді. 1992 жылы Көкшетау педучилищесінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығын тәмамдап, 2004 жылы Көкшетау университетінде педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығын алды. Өз мамандығы бойынша 23 жыл еңбек етіп келеді. Аталмыш мектепте 2014 жылдан бастап жұмыс істеуде.
Асия Жамбуловна бастауыш оқыту әдістемесін толық меңгерген ұстаз. «Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру,олардың білім деңгейін көтеру» мәселесі бойынша ізденіс үстінде. Баланың өзіндік даму және қабілеттілігін дамыту мақсатында сабағында тиімділігін көтеру құралы ретінде ақпараттық технологиялармен жұмыс істейді. Оқушылармен жұмысты ойлау ұжымдық негізінде құрайды. Дамыта оқыту әдістемесі негізінде өз жұмысында модульдік және сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін қолданады. Сындарлы оқыту теориясының негізінде сабақтарында 7 модульді ықпалдастыра отырып танымдық ой қызметін жандандырады. Пәнді оқытуда жетістіктің ахуалдарына, жағымды мотивацияға көп көңіл бөледі.Оқушылардың ой өрісін дамытып, шәкірттерінің жан – сырына терең үңіліп, әр оқушымен жекелей жұмыс істеп, зерттей білетін ұстаз. Соның нәтижесінің бірі, 2015 -2016 оқу жылында республикалық аймақтық мұғалімдер арасындағы «Ізден,Ойлан,Ұсын» бейнесабақ сайысына қатысып, ІІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды.
МІНЕЗДЕМЕ
Даниярова Асия Жамбуловна 1970 жылы дүниеге келді. 1992 жылы Көкшетау педучилищесінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығын тәмамдап, 2004 жылы Көкшетау университетінде педагогика және бас...