Инфоурок / Сайты учителей / Демеуова Бахыткул Сагындыковна

Демеуова Бахыткул Сагындыковна

  • учительница по биология и химия
  • сшо №75
  • Казахстан
  • 29.01.1977

Категории по интересам:

Демеуова Бақыткүл, Арал ауданы Қарашалаң елді мекенінде 1977 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Еңбек өтілі 7 жыл. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Химия – биология» факультетін бітіріп, аталған мектепте 2001 жылдан бері химия – биология пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеп келеді. Демеуова Бақыткүл өзінің ұстазын еңбек жолын бастағалы бергі уақытта болашақ жақсы ұстаз бола алатындығын байқатын келді. Ұжым арасында беделді, оқушымен, ата – аналармен қарым – қатынасы өте жақсы деңгейде. Мектеп ұжымы арасында қазіргі талапқа сай ізденімпаз ұстаздар қатарында, өз пәнінің маманы ретінде танылды. Ұстаздық еңбек жолын бастағалы өз пәнінен үнемі толық үлгірімде қол жеткізіп отырды. Сабақта қазіргі талапқа сай саралап «Деңгейлеп оқыту технологиясы» әдісін тұрақты қолданып, химия - биология сабағында «Оқушылардың өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында ұдайы ізденіп мектепішілік іс – шаралардың барлығына тұрақты қатысып, өз бірлестігінде баяндамалар оқып, үлгілі сабақтар көрсетті. Өткен 2005-2006 оқу жылында өзі сабақ беретін сыныптарда бірнеше үлгілі ашық сабақтар өткізді. Атап айтқанда 8 сыныпта химия пәнінен «Қышқылдарды алу және қолдану», 9 сыныпта химия пәнінен «Еліміздегі металл кендері». І жарты жылдықта «Жеті элемент – жеті ғаламшар», ІІ жарты жылдықта «Табиғатты аялайық» атты пән апталықтарын өткізді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Алтын қақпа» танымдық ойындарын жақсы дәрежеде ұйымдастырды. 2007-2008 оқу жылында биология пәнінен саралап деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша 7 сынып үлгілі сабақ «Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер», 6 сынып үлгілі сабақ «Жануарлардың мінез – құлқы». Аталған үлгілі сабақ жақсы дәрежеде ұйымдастырылды. Сонымен қатар осы жылдары «Ұлан» тәжірибе алаңын құрды. Сыныптың «Ұлан» үйірмесі, «Жергілікті жердегі өсімдіктердің адам үшін пайдасы» ғылыми жоба жұмыстарын оқушылар арасында топтық және жеке жұмыстар бойынша тақырыптар бөлініп берілген. Ғылыми жоба тақырыптары бойынша облыстық ғылыми жоба байқауынан жеке жұмыс бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл тәжірибе алаңының үлкен жетістігін көрсетеді. 2008-2009 оқу жылы 6 сынып биология пәні бойынша тереңдетілген сынып ретінде үлкен сеніммен берілді. Сыныпта «Жасушаның ашылу тарихы» үлгілі сабақ, 8 сынып биология пәні бойынша «Тыныс алу мүшелері және оның маңызы». Бұл сабақ өмірмен байланысты өткізілді.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 7
  • Просмотры: 6507
  • Комментарии автора: 0
  • Комментарии автору: 0