Қымбатты ата-аналар,ұстаздар, қонақтар!
Бүгін біздер « Бастауышым –балбұлағым »атты мерекеге жиналып отырмыз.Осыдан 4 жыл бұрын бүгінгі мерекенің кейіпкерлері ,біреуі анасымен,біреуі әкесімен,енді біреулері ата-әжесімен мектеп табалдырығын аттаған еді.Бойларына мол Бүгін біздер Бастауышым –балбұлағым атты мерекеге жиналып отырмыз.Бойларына мол білім қорын жинады.Шеттерінен өнерлі.Біреулері ән айтса,біреулері сурет салуға құштар,біреулері әңгіме –өлең құрағанды ұнатады.Балалардың мұндай жетістіктерге жетуіне ұстаздармен қатар ата-аналардың да қосқан үлесі ерекше.
1-жүргізуші Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!
2-жүргізуші Қайырлы күн ұстаздар,ата-аналар!
Біз мектебімізде болып жатқан жаңалықтармен бөліскіміз келіп отар. Неден бастасам екен?
- Неден бастау керек екенін мен айтайын.Бүгін біз 4 сыныпты аяқтап,бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
- Солай ма ?
- Анам сөмкемді жинап жатып,бір кітапты түсіріп алды.Қарасам 4 сынып деп жазылып тұр.
- Кеше ғана қолыма алғанда 1 сынып деп жазылып тұр еді.Уақыттың тез өтуін –ай.Мен қуанып кеттім.
- Ал мен керісінше.
- Неге ?
- Одан да ол кітапта 11-сынып деп жазылып тұрса ғой,шіркін.
- Иә,дұрыс айтасың.
Мұғалім:
Ата-аналар осы әңгімеге сіздер не дер едіңіздер?
(Ата-аналар пікірін тыңдау)
1-жүргізуші Менің туғандарым мені қалай кішкентай болғанымды жиі естеріне алып отырады.
Құрметті ата-аналар балаларыңыздың мектепке келгендегі бір қызықты сәттері есіңізде ме?(Ата-аналар балаларының қызықты сәттері туралы естеріне түсіреді).
2-жүргізуші Мына суреттерге қарап балаларыңыздың бақытты шақтарын есімізге түсірейік.
(Музыка әуенімен слайдтар көрсетіледі)
Мұғалім: Менің шәкірттерім 1-сыныпқа келгенде 17 болатын.Осы
Қымбатты ата-аналар,ұстаздар, қонақтар!
Бүгін біздер « Бастауышым –балбұлағым »атты мерекеге жиналып отырмыз.Осыдан 4 жыл бұрын бүгінгі мерекенің кейіпкерлері ,біреуі анасымен,біреуі әкесімен,енді...